Атырау, 19 тамыз 15:22
 дождьВ Атырау +32.6
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырауда

«Сәбилер шетінеді, бірақ дәрігерлердің кінәсінен емес» Басқа жаңалықтар

«Сәбилер шетінеді, бірақ дәрігерлердің кінәсінен емес»

«Атырау облыстық перинаталдық орталығында соңғы 20 күнде дүниеге келген 20 шақты сәби шетінеді деген ақпарат шындыққа сай келмейді, сәби өлімі анағұрлым аз болды», - деп мәлімдеді Атырауда арнайы шақырылған брифингте орталық директоры Қуаныш НЫСАНБАЕВ. Бірақ ол деректердің он күн сайын жиналатындығына сілтеп, нақты санын атамады, статистика сәл кейінірек белгілі болады. Нысанбаевтың айтуынша, шетінеген нәрестелердің барлығы мерзімінен бұрын дүниеге келген және оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. 9 қаңтар 2019, 16:50 3 813 рет қаралды
Атыраулық альпинизм Басқа жаңалықтар

Атыраулық альпинизм

Жайық суы қатқаннан кейін Атырау тұрғындары әдетте арғы бетке мұз үстімен өтеді. Қазір мұз қалың, қауіпсіз, алайда жағалауға шығаратын қираған сатылар бір күні өкінішті оқиғаларға әкелетіні сөзсіз. Сурет 9 қаңтар 2019, 13:42 2 232 рет қаралды
Атырау облысында сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды Басқа жаңалықтар

Атырау облысында сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Бүгін, 9 қаңтарда Атырау облысы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Серік ШАПКЕНОВ өңір активіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жаңа басшысын - мемлекеттік лауазымды бос орынға жарияланған конкурс нәтижесі бойынша тағайындалған Асқар Жанахметті -таныстырды. Ол бұрын облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарған болатын.  9 қаңтар 2019, 12:16 4 021 рет қаралды
Атырау перзентханасында қанша бала неден шетінеді? Басқа жаңалықтар

Атырау перзентханасында қанша бала неден шетінеді?

Бейресми ақпарат бойынша, Атырау облыстық перинаталдық орталығында соңғы 20 күнде дүние есігін ашқан 20 шақты нәресте шетінеп кеткен. Баласын жоғалтқан аналардың бірінің айтуынша, бұл қан құйғаннан кейін болған. 9 қаңтар 2019, 10:33 2 955 рет қаралды
Физика қиын, ашиды миың Басқа жаңалықтар

Физика қиын, ашиды миың

6 қаңтарда Атырау қаласы «Жайық» спорт кешенінде облыстық пәндер олимпиадасының салтанатты жабылуы өтті. Екі күнге жалғасқан білімділер жарысына аудандық, қалалық олимпиадалардың іріктеу кезеңінен өткен 655 оқушы қатысты. Оқушылар 14 пән бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, тарих, құқық, ағылшын, француз тілі, математика, физика, информатика, химия, биология, география) білімдерін сынады. 8 қаңтар 2019, 15:55 3 216 рет қаралды
«Болашақтан» қашып, Махамбет асып Басқа жаңалықтар

«Болашақтан» қашып, Махамбет асып

Қарабатандағы «Болашақ» газ-химиялық кешенінің құрылысы басталған уақытта Атырау қаласының тұрғындары зауыттан алыс Махамбет ауданынан тұрғын үй салу үшін жер телімдерін ала бастағаны белгілі. Соның нәтижесінде аудан орталығында 2004-2005 жылдары «Мерей» ықшамауданы пайда болды. Бұл жерден 1300 адамға телімдер беріліп, бұлардың тек 200-ге жуығы ғана құрылыс салған. Ал бүгінде аудан бойынша тұрғын үй салу үшін берілетін жер кезегінде 5 мыңға жуық адам тұр. Сурет 8 қаңтар 2019, 14:44 4 972 рет қаралды
Далаға "тасталған" миллиард Басқа жаңалықтар

Далаға "тасталған" миллиард

Атырау облысы Махамбет ауданындағы 2010 жылы, Бергей Рысқалиевтің өңірімізді басқару кезінде, пайдалануға берілген облыстық туберкулезге қарсы аурухана өткен жылдың ақпанында науқастардың аздығына байланысты «тиімсіз» деп табылып, жабылған. Кезінде 1 млрд 146 млн теңгеге салынған ғимарат бүгінде қаңырап бос тұр. Сурет 6 қаңтар 2019, 19:28 4 779 рет қаралды
Сот тергеу ісінің нашар жүргізілгенін көрсетті Оқиға

Сот тергеу ісінің нашар жүргізілгенін көрсетті

Атырау қалалық №2 соты балық браконьерлігімен айыпталған 5 адамға қатысты қылмыстық істі қарап, қазақстандық тәжірибеде сирек кездесетін шешім шығарды: сотталушының екеуін толық, қалған үшеуін ішінара ақтап шықты. 5 қаңтар 2019, 13:46 3 824 рет қаралды
Білім беру басқармасының басшылығына «аса ірі мөлшерде» ұрлау айыбы тағылып отыр Оқиға

Білім беру басқармасының басшылығына «аса ірі мөлшерде» ұрлау айыбы тағылып отыр

«АЖ»-ға белгілі болғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВҚА, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың бас есепшісі Назымгүл МӘЖИТОВАҒА қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-тармағының 2-тармақшасы («Аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. 5 қаңтар 2019, 13:50 5 303 рет қаралды
Тоғайды тоздырмай, даланы көркейтейік Басқа жаңалықтар

Тоғайды тоздырмай, даланы көркейтейік

Индер мен Махамбет аудандарының орман-тоғай ресурстары лайықты күтім болмаса, кешікпей құрып кетуі мүмкін. Қазірдің өзінде бұл аудандарда тоғайдың 30%-ы қурап кеткен. Бұл туралы «АЖ» тілшісіне ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ресми өкілі Сәкен ДІЛДАХМЕТ хабарлады. 4 қаңтар 2019, 15:35 3 329 рет қаралды
Атыраулық боксшы қыз екі жылға жарыстан шеттетілді Спорт

Атыраулық боксшы қыз екі жылға жарыстан шеттетілді

Атыраулық танымал боксшы Назым ИЩАНОВА допинг қолданғаны үшін екі жылға жарыстан шеттетілді. Осылайша ол Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиадаға іріктеу цикліне қатыса алмайды. Бұл ақпаратты «АЖ»-ға Қазақстан бокс федерациясының үйлестірушісі Галина ТОПОЛЕВА растады. 4 қаңтар 2019, 14:58 3 546 рет қаралды
Атыраудағы жаңа жыл түні: аз ғана криминал және отшашудан соң дүниеге келген қыз Қоғам

Атыраудағы жаңа жыл түні: аз ғана криминал және отшашудан соң дүниеге келген қыз

31 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейінгі мереке күндері Атырау облысында 37 қылмыстық іс тіркелді, оның 8-і жаңа жыл түнінде болған. Әдеттегідей, қылмыстық хроникада ұрлық көш бастап тұр. 4 қаңтар 2019, 10:33 3 730 рет қаралды
Білім беру басқармасының басшысы мен оның орынбасары тергеу абақтысына қамалды Оқиға

Білім беру басқармасының басшысы мен оның орынбасары тергеу абақтысына қамалды

«АЖ»-ға белгілі болғандай, пара алды деген күдікпен ұсталған Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВ пен оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын тағайындады. 3 қаңтар 2019, 12:41 5 921 рет қаралды
Атырау облыстық әкімдігі облыстық білім беру басқармасы басшысының ұсталуына байланысты түсінік берді Басқа жаңалықтар

Атырау облыстық әкімдігі облыстық білім беру басқармасы басшысының ұсталуына байланысты түсінік берді

Мемлекеттік органдар басшыларымен өткен аппарат жиынында Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік ШӘПКЕНОВ аймақтың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуына қорытынды жасады, сондай-ақ, 2019 жылға нақты тапсырмалар жүктеді.   3 қаңтар 2019, 12:25 4 345 рет қаралды
Темекі шекпейтін адамға жалған хаттама толтырған Басқа жаңалықтар

Темекі шекпейтін адамға жалған хаттама толтырған

Құрманғазы аудандық соты әкімшілік құқықбұзушылық туралы жалған хаттама толтырған полиция лейтенантына қатысты үкім шығарды. Полицей мүлдем темекі шекпейтін адамға қоғамдық орында темекі тартқаны үшін айыппұл салған. 3 қаңтар 2019, 15:06 3 468 рет қаралды
Атырауда білім басқармасының басшысы мен оның орынбасары ұсталды Оқиға

Атырауда білім басқармасының басшысы мен оның орынбасары ұсталды

"АЖ"-ға белгілі болғандай, Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросының жергілікті департаменті қызметкерлері Атырау облыстық білім басқармасының басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВ пен оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАНЫ ұстаған. 2 қаңтар 2019, 18:35 7 710 рет қаралды
Ақ Жайықтың жаңажылдық номинациялары Басқа жаңалықтар

Ақ Жайықтың жаңажылдық номинациялары

Жыл балы Биыл Атырауда алғаш рет «Grand Ball» қайырымдылық акциясы өтті. Классикалық вена вальсін ғана емес, полонезді, кадрильді және т.б. билерді айналып билеген жас қыздар мен жігіттер, барлығы 75 жұп кештің сәніне айналды. Сондай-ақ, отандық эстрада жұлдыздары да өнер көрсетті. Билет сатудан түскен 2 миллиондай теңге қаржы «Атырау. Кішкентай ел» ҚБ жетекшісі Ерлан КҮМІСҚАЛИЕВҚА табыс етілді. Бұл ұйым мүгедек балаларды оңалтумен айналысады. Қазір қала сыртынан оңалту деревнясын салып жатыр. Деревняның аналогы Қазақстанда жоқ, тіпті, әлемде саусақпен санарлық қана. Сурет 31 желтоқсан 2018, 00:00 4 486 рет қаралды