Атырау, 25 қараша 01:33
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тағы бір құс фабрикасы болады

6 036 просмотра


Өткен жылы Атырау облысында 120 миллион жұмыртқа мен 348 мың тонна тауық еті өндірілді. Осы өнімнің өңірдегі негізгі жеткізушілері - «Алмалы-Құс» ЖШС мен «Атырау Сауда» ЖШС.

Жергілікті өнімдерден басқа Атырауда ОФ Свердлов облысынан импортталған жұмыртқа мен құс аяғы сатылады.

«АЖ» тілшісі мұнайлы астана базарларында бұл өнімдердің қанша тұратынын білген еді.

«Дина» базарында: жұмыртқа 25-27 теңге, тауық аяғы (кг) – 650; «Көктем» мен «Мұрагер» базарларында тиісінше 25-28 және 650-680; «Сарайшық» базарында – жұмыртқа 25 теңгеден.

Бөлшек саудада жұмыртқа 26-29 теңге, құс аяғы 670-690 тг.           

«“Атырау” ӘКК» АҚ-да Махамбет ауданында бройлер құс фабрикасы салынып жатқанын хабарлады. Жоба құны - 4,4 млрд теңге.

- «Атырау» ӘКК мақсаттық қарыз түрінде технологиялық жабдық сатып алу үшін 1,7 млрд теңге бөліп, кәсіпорынның жарғылық капиталына 20 млн теңге салды. Фабриканың жоспарланған қуаты – жылына 2 626 тонна бройлер құс еті. Бүгінде бройлер балапандарын бордақылауға арналған 4 ғимарат пен жеткізуші және алаңішілік газ құбырының құрылысы аяқталды, - деп хабарлады «“Атырау” ӘКК» АҚ баспасөз қызметіндегілер. -  «АтырауНефтеМаш» ЖШС келісімшарт бойынша инкубатор мен сою цехының ғимараты үшін металл құрылымын дайындап, құрылыс алаңына жеткізді. Қазір бордақылау цехының ғимаратына арналған металл құрылымын шығарумен айналысуда.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

28 сәуір 2019, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.