Атырау, 19 тамыз 15:14
 дождьВ Атырау +32.6
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырауда

Жас чемпион Спорт

Жас чемпион

17 жастағы атыраулық, дәлірек айтқанда, қала маңындағы Еркінқала ауылының тұрғыны Әбілмансұр БАТЫРҒАЛИ өз жасындағы әлемдегі үздік каратешілердің бірі. Қазақстанда алғаш рет Буэнос-Айресте 2018 жылғы Жасөспірімдер Олимпиадасы ойындарына қатысуға лицензия алған және сол жерде қола алқаға ие болған спортшы «АЖ» тілшісіне осы спортқа қалай келгенін және неліктен осы спортта ұзақ болатынын әңгімелеп берді. 16 қаңтар 2019, 10:33 4 087 рет қаралды
Ешкілер үшін әуе апатындай Басқа жаңалықтар

Ешкілер үшін әуе апатындай

Ұшақ арқылы Сербиядан Атырауға жеткізу кезінде жануарлар алмасу бағдарламасы бойынша Махамбет ауданының «Сарайшық» ЖШС-не жеткізілмек болған асыл тұқымды ешкілер өлді. Бұл оқиға өткен жылы желтоқсаннның аяғында орын аған-ды: ұшақ белоруссиялық әуежайлардың біріне отын құю үшін қонған кезде жануарларды әкеле жатқан тор құлап, нәтижесінде 300 ешкінің 74-і өлген. 16 қаңтар 2019, 10:52 3 088 рет қаралды
Бұралқы иттерді атуға аңшылар да тартылмақ Басқа жаңалықтар

Бұралқы иттерді атуға аңшылар да тартылмақ

15 қаңтарда Атырау қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXIV сессиясы өтті. Атап айтқанда, 2018 жылғы жұмыстардың қорытындысы туралы қалалық ветеринария бөлімінің басшысы Нұролла САТЕНОВ есеп берді. Талқылау барысында мұнайлы астанада қаңғыбас иттердің көбейгені туралы тақырып қозғалды. Сатеновтың айтуынша, ит ату тендерін «Жайық» ЖК жеңіп алған. Төрт мерген жылдам әсер ететін аделин уы бар найзалармен ататын  пневматикалық винтовкаларды қолданып, тәулігіне 80-85 иттің көзін жояды. 15 қаңтар 2019, 22:14 2 538 рет қаралды
Индер ауданында жаңа әкім Басқа жаңалықтар

Индер ауданында жаңа әкім

Бүгін, 15 қаңтарда Атырау облысы әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Индер ауданында болып, жергілікті активке ауданның жаңа әкімі Мейірім ҚАЛАУИДЫ таныстырды. Бұрынғы әкім Серік АРЫСТАН денсаулығына байланысты лауазымынан босатуға өтініш берген. 15 қаңтар 2019, 19:30 6 062 рет қаралды
Барымтаға қарымта керек Басқа жаңалықтар

Барымтаға қарымта керек

Барымташылардан зәбір көрген Исатай, Махамбет аудандарының бір топ тұрғындары «АЖ» тілшісімен кездесіп, шешімі табылмай жүрген осы ұрлық мәселесін көтерді. Олардың айтуынша, қырда мал ұрлығы, әсіресе, жылқының ұрлануы тиылмай отыр. Ұрылар ұсталғанның өзінде айыппұл немесе малдың құнын төлеп, құтылып кетеді. Малшылар бұл туралы шағымдарын облыс әкімі, прокуратура, полицияға жолдаған. Сурет Бейнежазба 15 қаңтар 2019, 17:27 4 860 рет қаралды
Өзгерген маршруттар Басқа жаңалықтар

Өзгерген маршруттар

Редакциямызға хабарласқан қала тұрғындары №4 автобустың бұрынғыдай Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қарай кірмейтінін, нәтижесінде емделушілерге №1 емханаға жаяу жетуге тура келетінін айтқан еді. Осыған орай біз хабарласқан «Смарт-Атырау» КММ басшысының орынбасары Рүстем  ЕРНИЯЗОВТЫҢ айтуынша, ,биыл 1 қаңтардан бастап автобустардың «жүру қашықтығын қысқарту мақсатында» қалада тек №4 маршруттың ғана емес, тағы да 13 автобус жолының сызбасы өзгергенін мәлімдеді. 15 қаңтар 2019, 10:19 3 060 рет қаралды
Атырауда Рубик кубигін шапшаң жинаудан чемпионат өтті Басқа жаңалықтар

Атырауда Рубик кубигін шапшаң жинаудан чемпионат өтті

Оған мұнайлы астанадан ғана емес, Астанадан, Шымкенттен, Тараздан, Семейден, сондай-ақ, Ресей мен Украинадан 70 оқушы қатысты. Бір кездері венгр өнертапқышы Эрно РУБИКТІҢ өзінің түрлі-түсті ойжұмбағын құрастыруға шамамен бір ай уақыты кеткен еді. Ал қазіргілер оған секундтаған уақыттарын жұмсады. Бейнежазба 15 қаңтар 2019, 11:06 2 209 рет қаралды
Жайық өзенінің Балықшы тұсында өткен демалыс күн Басқа жаңалықтар

Жайық өзенінің Балықшы тұсында өткен демалыс күн

Өткен қыста Балықшыдағы Жайық өзенінде табан, айнакөз, уақ шабақтар қармаққа жақсы түсіп еді. Ал қазір балықтың қабуы шамалы… Жұмыскердегі балық аулаушылар ілмектермен, үшкір зәкірлермен қаруланып, олармен мөңке балықтарды шаншуға тырысады. Кейде ілініп те жатады. Мөңкебалықтың әлсіз екенін айтқым келеді. Мұз бетінде ұзақ шоршымайды, бірнеше рет төңкеріліп, содан соң қатып қалады. Сурет Бейнежазба 15 қаңтар 2019, 10:15 7 341 рет қаралды
Қысқы қызықтар Қоғам

Қысқы қызықтар

12 қаңтарда облыстық әкімдік тұсында Жайық өзені үстінде хоккей қорабы мен сырғанақ алаңының салтанатты ашылу шарасы өтті. Мұнда 200-ге тарта адам жиналып, әр түрлі көңілді қысқы ойындарға қатысты. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 14 қаңтар 2019, 09:25 7 032 рет қаралды
Жайықтағы балықтың жаппай қырылуы: "Мүмкін мұнымен ҰҚК айналысып жатқан шығар, біз білмейміз ғой" Экология

Жайықтағы балықтың жаппай қырылуы: "Мүмкін мұнымен ҰҚК айналысып жатқан шығар, біз білмейміз ғой"

Атырау облыстық әкімдігінің жанынан құрылған ведомоствоаралық комиссия әлі күнге дейін өткен жылдың желтоқсанында Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу себебін анықтаған жоқ. "АЖ" тілшісі осыған қатысты Астанаға ҚР орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Нариман ЖҮНІСОВКЕ қоңырау шалған еді.  13 қаңтар 2019, 12:59 6 666 рет қаралды
Отқа күйген,  газға тұншыққан Басқа жаңалықтар

Отқа күйген, газға тұншыққан

10 қаңтарда қала сыртындағы Еркінқала ауылында жылыту қазандығының дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан 63 жастағы әйел адам газға тұншығып өлген. Ал үйдегі 68 жастағы тағы бір әйел ауруханаға жеткізілді. 11 қаңтар 2019, 15:05 2 613 рет қаралды
ҚТЖ, аман қалғаныма шүкір ет Басқа жаңалықтар

ҚТЖ, аман қалғаныма шүкір ет

Бала кезімнен пойызбен жүргенді жақсы көремін, өзгеше бір тартатын романтикасы бар: рельс дүрсілі, терезеден ауысып тұратын көрініс, анам тек пойызда жеуге ғана рұқсат ететін зиянды десе де дәмді «Доширак», пакеттегі үш қоспалы кофе, әңгімешіл жолаушылар, тоқыма тоқыған әжейлер, карт ойыны... 11 қаңтар 2019, 11:56 4 003 рет қаралды
«Қол-аяғымды скотчпен байлап, 23 миллионды алып кетті» Басқа жаңалықтар

«Қол-аяғымды скотчпен байлап, 23 миллионды алып кетті»

8 қаңтарда Атырауда Уәлиханов көшесінің бойындағы «Томирис» тұрғын үй кешенінде жүкті әйелге өз пәтерінде шабуыл жасалып, қылмыскерлер, екі жігіт пен қыз, пәтерінен 23 миллион теңгені алып кеткен. Алайда қарақшылар алысқа кетпеді, полицейлер із суытпай ұстады. Бейнежазба 11 қаңтар 2019, 10:25 5 415 рет қаралды
Көш бастаған үштік Басқа жаңалықтар

Көш бастаған үштік

ҚР Статистика комитеті еліміздегі ең қымбат тұрғын үйдің топ-үштігін жариялады. Бұл үштікте Астана, Алматы және Атырау қатар орналасқан. Бәлкім, бұл ресми, «оңтүстік» және «мұнай» астаналарына тән болуы керек шығар. 11 қаңтар 2019, 00:00 2 477 рет қаралды
Жақындағы көрші артық Басқа жаңалықтар

Жақындағы көрші артық

Жуырда өткен Индер аудандық мәслихаты  сессиясында Бұқар ауылының әкімшілік бағыныстылығын Қызылқоға ауданына беру туралы шешім қабылданды. Бұл көптен күткен жаңалық еді. Өйткені ауыл Индер ауданының Жарсуат округінен 120, ал Қызылқоға ауданы Қарабау ауылынан 12 шақырым қашықта орналасқан. Тұрғындар қарапайым құжаттары үшін жүз шақырымнан аса жол жүруге мәжбүр еді.  10 қаңтар 2019, 16:33 4 901 рет қаралды
5 мың теңге үшін 5 жыл жаза алды Оқиға

5 мың теңге үшін 5 жыл жаза алды

№2 қалалық соты ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-тармағы (Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша айыпталған 45 жастағы Атырау тұрғынына қатысты үкім шығарды. Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы Л. өткен жылдың қазанында танысына 5 мың теңгеге 0,86 грамм марихуана сатқан. 10 қаңтар 2019, 16:31 4 443 рет қаралды
Жазда Қашаған бір жарым айға тоқтатылады Басқа жаңалықтар

Жазда Қашаған бір жарым айға тоқтатылады

Биылғы жыл ортасында Қашағандағы D аралы мен «Болашақ» мұнай және газ өңдеу қондырғысы 45 күндік күрделі жөндеу жұмыстарына жабылады. Бұл туралы «АЖ» редакциясының сауалына жауап бере отырып, NCOC консорциумында хабарлаған еді. 10 қаңтар 2019, 14:12 2 628 рет қаралды
Халал шұжыққа шошқа майын қосқан Басқа жаңалықтар

Халал шұжыққа шошқа майын қосқан

Атырауда азық-түлік қауіпсіздігіне мониторинг жасау кезінде шұжық өнімдерінің 48 сынамасының Кеден одағының техникалық регламенттерінің таңбалау жөніндегі талаптарына сай келмейтіндігі анықталды. Сонымен қатар, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитарлық дәрігерлері «АЖ»-ға халал шұжықтан шошқа етінің табылғанын хабарлады. 10 қаңтар 2019, 11:59 6 372 рет қаралды