Іс-шара мемлекеттік жәрмеңке қағидасы бойынша ұйымдастырылып, қалалық, аудандық және ауылдық әкімдіктерде, сондай-ақ, Атырау облысының білім беру, медицина, спорт және әлеуметтік мекемелерінде өтті.
- Өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасы бойынша облыстың барлық әлеуметтік мекемелерінде тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды. Негізгі мақсат - мемлекеттік органдардың және әлеуметтік мекемелердің халықпен барынша өзара әрекеттесуі, - деп хабарлады Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алаңдардың бірі - «Атырау» ДСК-не баруды ұйғардым. Айта кету керек, келушілер көп емес екен. Тұрғындарды қабылдаған алғашқы сағаттарда олар саусақпен санарлық еді. Шынымды айтсам, спикерлерге кезек көп шығар деп күткен едім. Алайда ДСК-де дүрлігіс болған жоқ, сол күні қаланың басқа мекемелерінде де азаматтарды қабылдау жүріп жатыр екен. Бәлкім, қазір Telegram-да әкімдіктің чат-каналы белсенді қолданылып жүргендігінен шығар.
Ал келгендер ең алдымен қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, білім беру бөлімі, ТКШ бөлімінің өкілдері қабылдап отырған үстелдерге жақындады.
Мен де осы жағдайды пайдаланып, спикерлердің қасына бардым. Оларға сұрақтар қойып, жауаптарын газет материалдарына жинаған едім.
Кейінірек, өңірлік коммуникациялар қызметінің өкілдерімен хабарласып, облыстың барлық мекемелеріне Ашық есік күнінде барлығы 1 770 адам барғанын, 1 700-ден астам сұрақтар қойылғанын білдім.
Ашық есік күндері енді әр айдың соңғы жұмасында өтетін болады.
Анастасия АЛЮШИНА
Суреттерді түсірген автор