Атырау, 25 қараша 01:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тәркіленген қымбат бұйымдар қайда кетеді?

3 651 просмотра

Көрнекі сурет

Атырау облыстық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті сот шешімімен мемлекет меншігіне өткен бағалы металлдардан жасалған бұйымдардың сауда-саттығын ұйымдастырушыны анықтау бойынша конкурс жариялады.

Департамент басшысы Нариман ТАУШОВТЫҢ айтуынша, департамент қабылдаған ережеге сәйкес, сот арқылы тәркіленген зергерлік бұйымдар сұрыптау және бағалау үшін Ұлттық Банктің филиалына тапсырылады, содан кейін ашық саттыққа шығарылады.

- Атышулы істердегі, атап айтқанда, облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевқа қатысты істерде тәркіленген бағалы бұйымдар бойынша атқару парақтары түсті ме?

- Біздің департаментте Б. Рысқалиевқа қатысты қымбат металлдарды тәркілеу туралы атқару парақтары жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 сәуір 2019, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.