Атырау, 24 қараша 22:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Зират тарихи-мәдени ескерткіштер тізіміне алынды

7 439 просмотра

"АЖ" мұрағатынан алынған сурет
Христиандық зират жанында орналасқан мұсылмандардың Ноғай зираты Атырау облысының тарихи және мәдени ескерткіштерінің алдын ала тізіміне енгізілген. 19-ғасырдың аяғы мен 20-ғасырдың басында салынып, араб графикасымен жазылған 134 құлпытас арнайы есепке алынды. Бұл туралы Атырау облысының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясының басшысы Мұхамбетқали КИПИЕВ хабарлады.


Ресей Ғылым академиясының шақыртуымен қазақ даласына аяқ басқан немістің табиғат зерттеушісі әрі саяхатшысы Петр Паллас 1769 жылы өзінің жол жазбаларында былай деп жазған еді:

«…Бұған жерасты тұзды су көздері мен Гурьевтен батысқа қарай екі шақырым жерде төменгі батпақты алқаптың ортасында орналасқан шағын гипс тауы себеп болуы мүмкін. Оған таңданыссыз қарау мүмкін емес. Бұл жердегі гипс Индер тауларындағы секілді селенитті және Қара өзек пен басқа тармақтар арасындағы шағын таудан теңізге қарай қайыршақтарға, яғни, қайыршақтарға толы белдеу созылып жатыр. Қырғыздар бұл тауды Илецк секілді киелі деп есептейді. Олар бұл жерге мейрамдау үшін жиналады деп естімедім: алайда бұл тауда әулие адам жерленген деп ойлайды. Өйткені өлген адамдарды жерлеу үшін осы жерге жиі әкеледі».

АЖ» АНЫҚТАМАСЫ
Атырауда республикалық маңызы бар 1 тарихи-мәдени ескерткіш (Жилгородоктағы сәулет ансамблі), жергілікті маңыздағы 22 ескерткіш (Құрманғазы, Д.Нұрпейісова, Сұлтан Бейбарыс, Қ.Смағұлов, Қ. Сәтпаев ескерткіштері және т.б.) және алдын ала тізімге енгізілген 58 объекті («Мәңгі алау» мемориалы, Естелік қабырғасы және басқалар) бар. 

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңның 5-тармағына сәйкес, жаңадан анықталған нысандар алдын ала есепке алу тізіміне енгізіледі және олар өздерінің мәртебесi туралы түпкiлiктi шешiм қабылданғанға дейiн тарих және мәдениет ескерткiштерiмен бiрдей қорғалуы тиiс.

Кипиев Ноғай зиратына бұрынғыша жерлей беруге болатынын, онда тарихи құлпытастардың ғана қорғауға алынатынын атап өтті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 мамыр 2019, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.