Атырау, 19 тамыз 15:51
 дождьВ Атырау +32.6
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырауда

Құлсарыда жанар май құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды Оқиға

Құлсарыда жанар май құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды

Таң қараңғысында Құлсары қаласында шолақ мылтықпен қаруланған екі адам жанар май құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасап, 500 мыңға жуық ақша алып кеткен. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 26, 27 жастағы екі жергілікті тұрғын қамауға алынды. 25 желтоқсан 2018, 10:26 4 391 рет қаралды
 Шұбатпен емдеу және жерсіздік мәселесі Басқа жаңалықтар

Шұбатпен емдеу және жерсіздік мәселесі

Мақат ауданында бүгінде туберкулездің алдын алу үшін балаларға шұбат беріп, шабындық жердің жетіспеушілігін жақсы көрші Қызылқоға ауданынан 400 мың гектар жер алу арқылы шешпекші. Осы және басқа да мәселелер туралы Мақат ауданының әкімі Жұмабай ҚАРАҒАЕВ өткізген  брифингте қозғалды.  24 желтоқсан 2018, 17:41 3 180 рет қаралды
Атыраудағы Президент шыршасы: астары бар ертегі Басқа жаңалықтар

Атыраудағы Президент шыршасы: астары бар ертегі

Бүгін, 24 желтоқсанда «Жайық» мәдени-спорт кешенінде президенттік жаңа жыл шыршасы өтті. Оған 850 бала шақырылды, оның 300-і аудандардан келген. Шырша шамдары жанғаннан кейін ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ бейнеқұттықтауы қосылды. Сурет Бейнежазба 24 желтоқсан 2018, 16:20 4 471 рет қаралды
Жайықтан басқа да су көздері бар Басқа жаңалықтар

Жайықтан басқа да су көздері бар

Жайық өзенінде қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты «Атыраугидрогеология» ЖШС кеңесшісі Едіге САБУРОВ билікті Ақтөбе облысы бағытында Көкжиде жерасты кен орнынан суды пайдалану үшін су таратқыш салуды талқылау мәселесіне оралуға шақырады. Сондай-ақ, Жылыой ауданынан Атырауға су тартудың баламалы нұсқасы бар екен. 23 желтоқсан 2018, 17:21 3 901 рет қаралды
Сот хроникасы Оқиға

Сот хроникасы

Атырау қалалық №2 соты азамат Г.-ге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Жануарлардың пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу) бойынша үкім шығарды. Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, биылғы тамыз айында ол Исатай ауданының Жанбай ауылында белгісіз адамнан 64 кг бекіре балығы мен 500 грамм қара уылдырық сатып алып, осы қылмыстық тауарын Атырауда қайта сатып жүрген жерінен оны Атырау облыстық МКД Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері ұстаған. 22 желтоқсан 2018, 13:17 3 518 рет қаралды
"Ақ Жайықта" да айтыскер бар Басқа жаңалықтар

"Ақ Жайықта" да айтыскер бар

Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында облыстық ақындар айтысы өтті. Қазақ өнерінің жауһары - жыр сайысына қатысушылар өздеріне тән шеберлікпен өңірлік және елдегі түрлі мәселелерді өз шумақтарына қосты. 22 желтоқсан 2018, 12:13 3 204 рет қаралды
Министр Атырау тұрғынына жауап берді Экология

Министр Атырау тұрғынына жауап берді

Атырау тұрғыны Асқар ҚҰСАЙЫНОВ ҚР Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВТЫҢ (суретте) блогына хат жолдаған еді: «Құрметті Қанат Алдабергенұлы! Атырау қаласы мен Батыс Қазақстан облысының жұртшылығы Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылып жатқаны жайлы дабыл қағады. Өйткені, Жайық өзені Батыс Қазақстандағы бірден бір тұщы су көзі. Бұрын-соңды болмаған балықтардың жаппай қырылуы табиғи апаттан емес, адам әрекетінен орын алып отыр.  Бұл мұнай мен газ өндіруші компаниялар шоғырланған, сонымен бірге экологиялық зиянды заттар бөлініп жатқан Каспий өңірінде болып жатыр. Тексеру жүргізіп, проблема көзін анықтауды; мұнай өндіруші компанияларға  қоршаған ортаға, әсіресе, су айдындарына зиянды заттар тастауға тыйым салуды; Жайық өзені суының жарамдылығын тексеріп, балық популяциясын қалпына келтіру секілді шаралар алуыңызды өтінемін”. 22 желтоқсан 2018, 00:46 5 214 рет қаралды
Көпір кенеттен апатты деп танылды Басқа жаңалықтар

Көпір кенеттен апатты деп танылды

«АЖ»-ға Нұрсая-3 ықшам ауданының тұрғындары хабарласты. Олардың айтуынша, Атырау әкімдігінің қызметкерлері, неліктен екені белгісіз, адамдар күнделікті қолданып жүрген Мостовой өзегі арқылы өтетін шағын көлік көпірін жауып тастаған. 21 желтоқсан 2018, 11:14 2 615 рет қаралды
Министр Атырау ЖЭО-ға бағаны төмендетуге бұйрық берді Басқа жаңалықтар

Министр Атырау ЖЭО-ға бағаны төмендетуге бұйрық берді

14 желтоқсанда Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ 2019-2025 жылдарға арналған Қазақстандағы энергия шығарушы кәсіпорындар ТАРАТАТЫН электр энергиясының шекті бағаларын бекіту туралы бұйрық шығарды. 21 желтоқсан 2018, 10:43 2 910 рет қаралды
Бизнес – класс! Басқа жаңалықтар

Бизнес – класс!

Жаңа жыл алдында дәстүрлі өтетін «Жыл кәсіпкері-2018» байқауында балық кәсіпшілігімен айналысып, елімізді және алыс-жақын шетелді балық өнімдерімен қамтамасыз етіп жүрген «Амангелді» өндірістік кооперативінің директоры Мұрат ӘМІРҒАЛИЕВ жеңіске жетті.  21 желтоқсан 2018, 10:35 2 498 рет қаралды
2019 жылы қала ақшасы қайда жұмсалады? Басқа жаңалықтар

2019 жылы қала ақшасы қайда жұмсалады?

20 желтоқсанда қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXI сессиясы өтті. 2019 жылғы бюджет жобасы туралы қалалық әкімдіктің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Рулан ДОСҚАЛИЕВ баяндама жасады. 21 желтоқсан 2018, 10:40 3 002 рет қаралды
Мәншүк Аймұрзиева: "Сыбайлас жемқорлық туралы әңгіме көп, бірақ нақты факт жоқ" Басқа жаңалықтар

Мәншүк Аймұрзиева: "Сыбайлас жемқорлық туралы әңгіме көп, бірақ нақты факт жоқ"

Дәрігерлерге арналған баспана, жалған еңбекке жарамсыздық парақтары, балалар өлімі, мамандық беделі және тағы басқалар туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВАМЕН жүргізілген «АЖ» сұхбатынан оқи аласыздар. 20 желтоқсан 2018, 00:00 3 857 рет қаралды
Үміт оты немесе қайырым жасаушы балалар Басқа жаңалықтар

Үміт оты немесе қайырым жасаушы балалар

Менің редакциялық поштама ауыр науқасқа шалдыққан балаларды емдеу үшін ақша жинап жүрген еріктілер туралы жарияланым шығару жөнінде өтініштер көп келеді. Соңғы кездері мұнайлы астанада көбейіп кеткен осындай балаларға қала тұрғындарының сауалдары бар екен. Тапсырманы орындау кезінде екіұдай жайтқа кезіктім, бәрін ретімен баяндайын. 20 желтоқсан 2018, 00:00 5 043 рет қаралды
Сот хроникасы Басқа жаңалықтар

Сот хроникасы

Махамбет аудандық соты ҚР ҚК 188-бабының 1-тармағы бойынша (Ұрлық) Махамбет тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады. Биылғы қыркүйек айында мейрамханадан сотталушы А.-ның басқа үстелде жатқан «HUAWEI» ұялы телефонын ұрлағаны анықталды. 19 желтоқсан 2018, 11:27 3 175 рет қаралды
776 миллион теңге ұрланып, 530 миллионы қайтарылды Басқа жаңалықтар

776 миллион теңге ұрланып, 530 миллионы қайтарылды

Өткен жылы Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі (ЭТҚ) 111 экономикалық қылмысты анықтады. МКД ЭТҚ  басқармасының бастығы  Қаһарман ЖӘРДЕМОВТІҢ айтуынша, бүгінде 79 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталған. 19 желтоқсан 2018, 11:25 2 737 рет қаралды
«Құдықтарды ауыстырып отыру қажет» Басқа жаңалықтар

«Құдықтарды ауыстырып отыру қажет»

Жолдар, каналдар, малдың қырылуы – осы мәселелер  Исатай ауданының әкімі Марат МУРЗИЕВТІҢ қатысуымен өткен брифингте қозғалды. Атап айтсақ, келесі жылы 75,5 шақырым аудандық маңызы бар жолдың алғашқы 12,4 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Қалған бөлігі қаражаттың бөлінуіне байланысты жалғасады. Бүгінде құны 9,3 млрд теңге болатын жобаның сметалық құжаттары дайын.  19 желтоқсан 2018, 10:43 2 864 рет қаралды
Келіні жақсының – керегесі мықты Қоғам

Келіні жақсының – керегесі мықты

ҚР Әділет министрлігінің мәліметтері бойынша, соңғы бес жылда Қазақстанда 700 мыңнан аса отбасы құрылса, соның 200 мыңдайы ажырасып кеткен. Бұл келеңсіздік отбасы құндылығын жоғары қоятын ауылдық жерлерден де айналып өтпепті. «АЖ» тілшісі Жылыой ауданындағы неке тұрақтылығын зерделеп көрді. 19 желтоқсан 2018, 10:15 4 214 рет қаралды
Су жоқ, жеңілдік болмайды – қайдағы кооперативтер? Басқа жаңалықтар

Су жоқ, жеңілдік болмайды – қайдағы кооперативтер?

Ауылшаруашылық кооперативтерінің болашағы бұлыңғыр болғаны жөнінде «АЖ» бірнеше рет жазды. Осындай ахуал Жылыой ауданында да орын алған. Бұл туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас ҚУАТБАЕВПЕН әңгімелестік. 19 желтоқсан 2018, 09:55 2 663 рет қаралды