Атырау, 19 тамыз 16:27
 дождьВ Атырау +32.6
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырауда

"Анам мен қалыңдығым таяқ жегенімді көргісі келмейді" Спорт

"Анам мен қалыңдығым таяқ жегенімді көргісі келмейді"

«Атырау» спорт кешенінде кикбоскингтен Қазақстан мен Грузия құрамаларының жолдастық матчы өтті. Матч аясында 5 жекпе-жек болды. Турнирге мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР кикбоксинг федерациясының еңбегі сіңген президенті Ирак ЕЛЕКЕВ құрметті қонақ ретінде қатысты. Сурет 6 желтоқсан 2018, 00:00 3 363 рет қаралды
Астрахан трассасындағы екі өлім үшін жүргізуші бес жыл алды Басқа жаңалықтар

Астрахан трассасындағы екі өлім үшін жүргізуші бес жыл алды

Құрманғазы аудандық соты кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушіге үкім шығарды.  Бұл қайғылы оқиға 10 маусымда Атырау-Астрахан трассасында орын алған болатын: «Лада Ларгус» пен «Тойота Эстима» көліктерінің соқтығысуы нәтижесінде 2 адам қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алған еді. 5 желтоқсан 2018, 14:33 3 130 рет қаралды
Жатақхананың наны Қоғам

Жатақхананың наны

«Жатақханада жатпаған студент емес» деп бекер айтпаған шығар. Студенттік өмірдің қызықты шақтарының бірі жатақханада өтеді десем қателескендік болмас. Жаңа орта, әр түрлі менталитет. Нағыз дос, сырлас бауыр тіпті өмірлік серігіңді сол жерден табуың мүмкін. Жақында жастық шағыма деген сағынышым елітіп, өзімнің төрт жыл жатқан Атырау мемлекеттің университеттінің №2 жатақханасына барып қайттым. Сурет Бейнежазба 5 желтоқсан 2018, 11:39 5 209 рет қаралды
Жаужүрек ұландар Басқа жаңалықтар

Жаужүрек ұландар

29 қарашада сағат 20.30-да Атырау қаласының көшелерін күзетіп жүрген 5546 әскери бөлімінің (ҚР Ұлттық ұланы) үш әскери қызметкері көппәтерлі үйдің ауласынан көмекке шақырған әйел дауысы мен алысып-жұлысқан дыбыстар естиді. Сол жерге жүгіріп барған олар көз жасы парлаған жас қызды қоршап алған белгісіз үшеуді көреді. 5 желтоқсан 2018, 11:25 2 440 рет қаралды
Терезеге қарасам - крематорий түтіні Басқа жаңалықтар

Терезеге қарасам - крематорий түтіні

«АЖ» редакциясына Асан есімді Атырау тұрғыны хабарласты. Ол Геолог ықшамауданының (бұған дейін ауылдық округ болды) маңында атылған қаңғыбас иттер мен медициналық қалдықтарды өртейтін крематорийдің жұмыс істейтінін, бұл сол жердегі мұнайгаз кеңселерінің қызметкерлеріне көп қолайсыздықтар тудыратынын әңгімеледі. Сурет 5 желтоқсан 2018, 10:35 3 262 рет қаралды
 Сауналар мен қонақ үйлердегі көне кәсіп тоқтар емес Басқа жаңалықтар

Сауналар мен қонақ үйлердегі көне кәсіп тоқтар емес

Атырау облысы аумағында полиция ұйымдастырған «STOP-трафик» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында сауна мен қонақ үйлерде жезөкшелік қызмет көрсетуге байланысты үш факті анықталды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қаладағы сауналардың бірінің әкімшісі клиенттерге тұрақты түрде «қызмет көрсету» үшін қыздар шақырып отырған. Ол жезөкшеден 3 мың теңге ақша алу кезінде ұсталды. Бейнежазба 4 желтоқсан 2018, 16:03 3 343 рет қаралды
Күрделі жөндеуден өткен жаңа аурухана неге салқын? Басқа жаңалықтар

Күрделі жөндеуден өткен жаңа аурухана неге салқын?

Мақат ауданы Доссор кентіндегі 20 кереуеттік аурухана 2006 жылы қолданысқа берілген. Бастапқыда құрылыс жұмыстарының сапасыз жүргізілуінен қыс мезгілінде ғимарат суық болады. Сондықтан  2015 жылы облыстық бюджеттен 55 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер «КоСМо» ЖШС ғимараттың төбесіне жылу жабындылар төсеу, сыртқы қабырғаларын қаптау, жылу радиаторларын ауыстыру, терезелердің сынған бөлігін алмастыру жұмыстары атқарды. Алайда аурухана ғимараты әлі суық. Сурет 4 желтоқсан 2018, 15:42 4 436 рет қаралды
Табылдың бес әні Басқа жаңалықтар

Табылдың бес әні

2 желтоқсанда Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясында қазақтың тұңғыш бард ақыны, жерлесіміз Табылды Досымовтың әнін орындаушылар арасында облыстық «Табылды әні» атты лирикалық шығармалар фестивалі өтті. Байқауға 16-36 жас аралығындағы 12 өнерпаз қатысты. Бұл фестивальде ерекше талап болды: қатысушыларға ақынның халық арасында кеңінен танылған «Сәйгүлік», «Биіктік», «Желтоқсандағы жыр», «Мен қазақпын», «Ұнатамын мен сені» атты бес әнін орындауға тыйым салынды. Бейнежазба 4 желтоқсан 2018, 16:00 3 682 рет қаралды
Перетаскада балық неден қырылды? Басқа жаңалықтар

Перетаскада балық неден қырылды?

2 желтоқсанда кешкісін «АЖ»-ға қала тұрғындарынан «Атырау ЖЭО» АҚ сорғы станциялары орналасқан «Перетаска» өзегінде балықтардың қырылып жатқаны туралы хабарлама келген еді. Бұл хабар расталды. АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілі Сәкен ДІЛДАХМЕТТІҢ айтуынша, сол жерде жалпы салмағы 1154 келі болатын қара балық шабақтарының (мөңке - 827 кг, табан балық - 165 кг, қылышбалық - 160 кг, алакөз - 2 кг) қырылғаны анықталған. Балықтарда механикалық зақымдану іздері болған. 4 желтоқсан 2018, 15:19 2 395 рет қаралды
Сары мұқабалы ағылшын тілі Басқа жаңалықтар

Сары мұқабалы ағылшын тілі

Жақында мессенджеріме қызықты бейнежазба келді. Онда шағын орынжайда үйілген жыртылған картон қораптары мен басқа да қағаз қоқыстарының арасында мектеп оқулықтары да жүр екен. Олардың кейбіреулері, кадр сыртындағы адамның растауынша, мүлдем жаңа оқулықтар. Мәселен, ағылшын тілі оқулығы. Сурет 4 желтоқсан 2018, 11:57 6 791 рет қаралды
Жайықты сақтау үшін Ириклинск су қоймасын алып тастау қажет. Бірақ бұл мүмкін емес Басқа жаңалықтар

Жайықты сақтау үшін Ириклинск су қоймасын алып тастау қажет. Бірақ бұл мүмкін емес

Атырауда ҚР су саясаты бойынша ұлттық диалогы жұмыс тобының отырысы өтті. Оған су шаруашылығы, балық, орман шаруашылығы, табиғат қорғау және кеме қатынасы ведомостваларының өкілдері, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдар қатысты. Мәжілісте негізінен Жайық суының тайыздығы туралы тақырып қозғалды. 4 желтоқсан 2018, 10:59 3 304 рет қаралды
Жағалаудағы серуен Басқа жаңалықтар

Жағалаудағы серуен

Өзен жағалауының қала тұрғындарының сүйікті орны екеніне сенімдімін. Біріншіден, күннің ерекше көрініспен әдемі батқанын тамашалауға болады. Екіншіден, жылы мезгілде өзеннің шуылдаған толқындарын тыңдап, қыста – өзенді құрсаған шыныдай мөлдір мұзды тамашалаймыз. Үшіншіден, өзіңізді орнитологтай сезініп, су айдынынан таңғы, түскі немесе кешкі асын торуылдаған ақ шағалаларды бақылауға да болады. Сурет 4 желтоқсан 2018, 12:13 3 068 рет қаралды
Махамбетте жаңа көпір ашылды Басқа жаңалықтар

Махамбетте жаңа көпір ашылды

30 қарашада Махамбет ауданында Жайық өзені үстіндегі жаңа көпір ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысы басшылығымен бірге осы құрылысты бастаған облыстың экс-әкімі, қазіргі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ те келді.   Сурет Бейнежазба 1 желтоқсан 2018, 17:13 5 142 рет қаралды
«Жігіттер! Өзенмен жүрмеңдер, мұз өте жұқа!» Басқа жаңалықтар

«Жігіттер! Өзенмен жүрмеңдер, мұз өте жұқа!»

Жайық бетін мұз құрсанып үлгерместен мұз астынан балық аулауға кірісетін жүрек жұтқан балықшыларға таң қаласың... Олармен қатар ТЖД қызметкерлері қарапайым сызғышпен өзен жағасынан мұз қалыңдығын өлшеп жүр. Сурет 1 желтоқсан 2018, 22:06 4 221 рет қаралды
Президент Орал трассасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты Басқа жаңалықтар

Президент Орал трассасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты

Республикалық бюджеттен Атырау-Орал трассасының 50 шақырымдық учаскесін күрделі жөндеуге қаржы бөлінеді. Бұл туралы «АЖ» тілшісіне облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 30 қараша 2018, 23:57 3 406 рет қаралды
Асыл тұқымды сиырлар не жеді? Алма бақтары қалпына келе ме? Басқа жаңалықтар

Асыл тұқымды сиырлар не жеді? Алма бақтары қалпына келе ме?

Белгісіз себептермен өлген голштин-фриз  асылтұқымды сиырларын зерттеу үшін Венгрия мен Ресейден арнайы мамандар шақыртылған; билік Сартоғайдағы алма бақтарын жаңғыртуға үлкен көңіл бөліп отыр - осы және өзге де жаңалықтармен брифингте Махамбет ауданының әкімі Жәрдемғали АХМЕТОВ бөлісті. 30 қараша 2018, 10:06 3 838 рет қаралды
Басынан теуіп өлтірген Басқа жаңалықтар

Басынан теуіп өлтірген

№2 қалалық соты ҚР ҚК 106-бабының 3-тармағы («Жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») бойынша айыпталған Атырау тұрғыны Б.-ға қатысты үкім шығарды. Тергеу барысында анықталғандай, биылғы көктемде екі қала тұрғыны сөзге келіспей қалып, соңы төбелеске ұласып,  Б. қарсыласын басынан тебеді. Кейінірек ол жігіт облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды. 29 қараша 2018, 17:27 3 250 рет қаралды
Алғашқы тайғақ Басқа жаңалықтар

Алғашқы тайғақ

Күздің соңғы күндерінде мұнайлы астанада таңертең тайғақ салдарынан кептеліс пайда болды. «Арнаулы автобаза» ЖШС ақпараты бойынша, қазір Атырау көшелеріне 28 техника, соның ішінде 10 тазалағыш трактор мен 5 қосалқы құрылғылы КамАЗ көлігі жұмылдырылған. 29 қараша 2018, 17:20 3 185 рет қаралды