Атырау, 25 қараша 02:36
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жауап іздеген атыраулықтар үшін лайфхак

Сурет
1 968 просмотра


Соңғы жылдары жергілікті билік белсенді түрде тұрғындармен кері байланыс орната бастады. Оған жергілікті тұрғындармен диалог орнату үшін жасалған бірқатар құралдар дәлел болады. Әкімдіктің Telegram чат-каналы (t.me/akimatatyrau) да атыраулықтардың үлкен қызығушылығын тудырып отыр. Қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуде бұл қосымшаның қаншалықты тиімді екенін «АЖ» тілшісі осы каналға жазылушылар арқылы білген еді.

Канал профилінің жоғарғы жағынан диалогқа қатысушылардың саны 6 мыңнан асатынын көруге болады. Каналға жазылғаннан кейін қалтамдағы смартфоныма хабарламалар үздіксіз келе берген соң, чаттың дыбысын ажыратуыма тура келді. Дегенмен, бұл бірнеше секунд уақыт алды.

Облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы Серікжан ЕРМЕНТАЕВТЫҢ айтуынша, канал ашылған уақыттан бастап күні бүгінге дейін тұрғындардан түскен шағымдар саны 4 мыңдай болған. Әзірге 1,4%-ы ғана жауапсыз қалған. Бір қызығы, чатта облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ та бар, ол да жауап береді екен. Әкімдік қызметкерлерінің құпиялап айтуынша, әр жиналыстан кейін Telegram-да кімнің қалай жауап бергені талқыға салынатын көрінеді.




ІШІНДЕ НЕ БАР?

Telegram-ның ішкі жұмысына мен де журналист ретінде қызығушылық білдірдім. Сөйтсек, белгілі бір тақырыптағы сұрақтарға жауапты бес адам мониторинг жасайды екен.

- Шағым түскеннен кейін біз оны жергілікті атқарушы органдардың тиісті бөлімдеріне жолдаймыз. Ал олар жауап береді де, біз оны чатқа жариялаймыз. Осындай жедел жұмыс жүреді. Сұрақтардың көпшілігі ТКШ, полиция, денсаулық сақтау салаларына қатысты. Ал соңғы кездері көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шағымдар көп түсуде, - деп әңгімелейді чат-каналға жауапты Аяжан ҚАЙДАР.

Чат-канал 2017 жылдың қыркүйегінде қоқыс тазарту, ашық жатқан құдықтар, ТКШ-дағы апаттар және т.б. секілді жедел шешімді талап ететін мәселелерге арналып ашылған екен. Егжей-тегжейлі анықтауды талап ететін күрделі мәселелер үшін 2018 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істейтін «Атырау Цифрлық Кабылдау» мобильді қосымшасы бар. Бірақ тұрғындарға жанды қарым-қатынас форматы ұнағандықтан, шағымдардың негізгі ағыны Telegram-ға келеді. Қазір барлық аудандық әкімдіктер осындай чаттар ашып алған.

ІС ЖҮЗІНДЕ ҚАЛАЙ?

Бүгін каналмен жақынырақ танысуды ұйғарып, хабарламалар таспасын айналдырып қарап, тұрғындарды мазалаған мәселелерді қарап шықтым. Бірі үйіндегі жарықтың не үшін ажыратылғанын сұраса, енді бірі жаяужолдардың немесе көшедегі жарықтың жоқтығына қынжылыс білдірген, кейбірі ПИК-тер мен автобустарға қатысты шағымданған. Хабарламалар таспасынан сәл төменде сұрақтардың көпшілігіне берілген жауаптарды таптым. Керемет, шынымен де жұмыс жасап тұрғаны ма? Дегенмен, тексеріп көрмек болып, чатқа сұрағымды жолдауды ұйғардым. Қаншалықты тез жауап берер екен?

Анастасия АЛЮШИНА

Көрнекі суреттер

2 сәуір 2019, 21:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.