Атырау, 25 қараша 02:54
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Исатай мен Махамбет алаңын қайта жаңғырту жұмыстары іс жүзінде қалай жүріп жатыр»

2 962 просмотра


03.04.2019 күні газет сайтында «Терезеден қайта жаңғыру көрінбейді» материалы жарық көрді.

«БатысАльянсСтрой» ЖШС – «Исатай-Махамбет алаңы» нысаны құрылысының мердігері. Қаладағы орталық алаңды қайта жаңғырту жұмыстары назар аударуға лайықты мәселе. Алайда жұртшылыққа жарияламас бұрын кәсіби журналист нақты және толық ақпаратты сол ресурсқа ие тұлғадан алуы тиіс. Оның үстіне, бас мердігер бұқаралық ақпарат құралдарынан ешқашан бойын аулақ салған емес, өз қызметіне қатысты кез-келген мәселеге түсінік беруге қашан да әзір. Нақты ахуал мен істің мән-жайы мынадай.

Нысанды тапсыру келісімшартының мерзімі – 2020 жылдың 1 тамызы (құзыретті және мамандандырылған ұйымдар есептеген). Бірақ біздің компания бас мердігер ретінде нысанды белгіленген мерзімнен көп уақыт бұрын, яғни, 2019 жылдың 30 тамызында тапсыруға бар күшін салады.

Бүкіл құрылыс-монтаждау және маусымдық жұмыстар ескеріліп, олардың жүргізілу-жүргізілмеу мерзімі нақты көрсетілген қолданыстағы ҚР заңнамасына сәйкес талап етілген технологиялық нормалар мен құрылыс ережелері бойынша жүргізіліп жатыр.

Бүгінде инженерлік желілерді: су құбырын, орталық кәріз жүйесін, алаңның бүкіл аумағында 5 м тереңдікке дейінгі дренаж жүйелерін, электрмен жабдықтау, автосуару жүйелерін, жарық жүргізу бойынша ауқымды жұмыстар жасалды.

Субұрқақ кешендерінің іргетасын, қабырғаларын монтаждау жұмыстары орындалды. Құрылымды мәрмармен қаптау, онымен қатар жол төсемдеріне гранит төсеу, металл құрылымдарын монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сатып алынған және жеткізілген өнім көлемі - 90%, келісімшарт бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының 50% көлемі игерілді.

Мақала авторының шынымен де осындай жұмыс көлеміне 6 адамның шамасы келеді деп ойлағаны ма?! Құрылыстың барлық кезеңі маусымдық сипатқа ие, ал жоба бойынша келесі кезең - жер жұмыстары үшін қолайлы климат басталғанда адам ресурстары жобаға сәйкес көбейтіледі.

Әрі қарай мәтін бойынша. Жобаға сәйкес алаң периметріндегі жаяужол төсемдері толығымен бұзылуы тиіс, бірақ Сәтпаев даңғылы бойындағы бөлігі жүргіншілерге қолайлы болу үшін уақытша сақталған. Тайманов бойындағы перпендикуляр бөлігі 2018 жылы осы көшені қалпына келтіру және кеңейту жобасының барысында жол төсемі болып қайта жасалды.

«Гастарбайтерлерге» қатысты. Бұл мүлдем негізсіз мәлімдеме, өйткені компаниямыздағы қызметкерлердің 100 пайызы Қазақстан азаматтары. Құрылыс алаңында білікті инженерлік-техникалық құрам мен 45 (қырық бес) жұмысшы жұмыс жасайды.

«Батысальянсстрой» мердігер ретінде жоба аясымен ғана шектелмейтінін атап өткен жөн. Біз ескерткіш тұғырының қаптамасын бұзу, оны жаңарту, қосымша ғимараттар мен құрылымдар салу секілді жоба мен келісімшартта қарастырылмаған жұмыстарды орындаймыз. Осының бәрі қолданыстағы құрылыс нормативтерінде көрсетілген мерзімде жоғары сапада орындалатындығына кепілдік береміз.

Өз тарапымыздан жарияланым авторы үшін де, құрылыс барысына қызығушылық білдірген кез-келген оқырман үшін де құрылыс алаңы бойынша ақпараттық тур ұйымдастыруға әзірміз. Бізде жасырын ештеңе жоқ.

Құрметпен, Әділ Жұбанов, «Батысальянсстрой» ЖШС бас директоры

4 сәуір 2019, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.