Индербор кентінің тұсында көп жылдардан бері қоршаулы тұрған 21,6 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жерді 2005 жылы «ИСИ ГипсИндер» ЖШС зауыт салу мақсатында 16 млн теңгеге сатып алған. Алайда бұл жоспарлары іске аспады.
- Зауыт салынбады, жер игерілмеді,- дейді Индер аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Амангелді САЛАМАТ. - Атырау облыстық мамандандырылған экономикалық сотының шешімімен аталған жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА