Атырау, 25 қараша 01:55
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алдымен көпір, сосын су

4 256 просмотра


Индер ауданындағы ұзындығы 102 км болатын «Бағырлай» каналы аудандағы 46 мал және егін шаруашылығы қожалығына су жеткізеді. Биыл канал арқылы су айдауды кешіктіру шаруаларды алаңдатып отыр.

- Жерімізді жыртып, дайындап қойдық. Су келсе, көшеттер отырғызуды бастауымыз керек. «Көктемнің әр күні - жылға азық» дегендей, біз үшін әр күн қымбат,- дейді диханшылар.

-Біз су беруге даярмыз, сораптар жұмысқа әзір. Қазір канал үстінен көпір салынып жатыр, су жіберуге сол кедергі болып отыр, - дейді «ҚазСушар» РМК-ның Атырау филиалы Индер ауданындағы бөлімше бастығы Сайлау БАЙБОСЫНОВ.Көпір құрылысы 5 сәуірде аяқталуы тиіс еді, кейін тағы он күнге созды. Ол мерзім де өтті. Каналда мал ішерліктей өткен жылдан және қар суынан қалған қалдық су бар. Бірақ ол егіншілерге жетпейді.

Кейін анықтағанымыздай, «Бағырлай» каналының Елтай ауылының ішімен өтетін тұсына автокөлік және жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынып жатыр. Сонымен бірге 2 км 700 метр «Жас Өркен» жазғы лагеріне жол тартылады. Құрылыс жұмысын «АИС» ЖШС жүргізуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

19 сәуір 2019, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.