Бесқонақ аудандарда да ойран салды. 18 сәуірде қатты дауылдың әсерінен Исатай ауданы Х. Ерғалиев ауылындағы Ғ. Масалимов атындағы орта мектептің аумағы 45 шаршы метр болатын шатыры ұшты. Сол күні Жылыой ауданы Тұрғызба ауылында №4 мектептің ауласындағы екі қатарлы ғимараттың да шатыры кетті (261 ш.м.).
- Қазір табиғат құбылысынан болған шығындар есептеліп жатыр, - дейді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Қаһарман БАҒЫНОВ. - Атап өтетін жайт, аудан бойынша бұл күндері жарық өшу фактілері тіркелген жоқ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттерді ІІМ ТЖК баспасөз қызметі ұсынды