Атырау, 25 қараша 01:01
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ер туған жеріне...

4 250 просмотра


Қызылқоға ауданында үй салуға жер телімдерін сұраушылар  саны артып отыр.  Бүгінде олардың саны – 2297. мұның 1316-і аудан орталығы Миялыға тиесілі болса, Сағызда – 736 адам. Қалғандары Мұқыр, Жасқайрат, Қоныстану ауылдарында.

- Ауылдарда халық отырықшылыққа үйреніп, үдере көшу тиылды. Жастар жағынан қалаға барып жұмыс жасаушылар болмаса, орта жастағылар күнкөрісін жергілікті жерден тауып отыр,- дейді Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Жәнібек ТҰРДАҒАЛИЕВ. - Вахталық әдіспен жұмыс жасаушылар да көбейді. Күнкөріс жақсарған сайын үй салушылар саны артады.

Шенеуніктің айтуынша, берілетін жер телімдеріне инфрақұрылым тарту үшін Миялыға 135,4 млн теңге,  Сағыз ауылына 239 млн, Мұқырға  262,5 млн теңге жұмсалып,  барлық жұмыстар аяқталды. Бүгінде бұл жерлерге үй салу басталып кеткен.

2020 жылы аудандағы 683 жер телімінің инфрақұрылымын жасақтау көзделген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА  

Суретті түсірген автор

15 сәуір 2019, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.