Атырау, 25 қараша 00:44
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Миялыда су ащы

Сурет Бейнежазба
4 124 просмотра


Қызылқоға ауданының орталығы Миялы мен көрші Жангелдин ауылдарының тұрғындары 7 шақырым жердегі «Қарасу» кен орнының тазартылмаған жерасты суларын пайдаланады.  Су ащы. Мұндағы су тазарту қондырғысының құрылысы бірнеше жылдан тұралап тұр.

- Менің білетінім төрт-бес жылдан бері жергілікті халық осы ащы суды ауыз су ретінде пайдаланып отыр. Соңғы жылдары неге екені белгісіз, жерасты суы ащыланып кеткен. Жергілікті санэпид ішуге жарамды десе де, үнемі кермек дәмі бар суды пайдалану адам ағзасына кері әсер беретіні жасырын емес қой, - зейнеткер Хамидолла ӘБДІРАХМАНОВ.

"Қарасу" кен орны

«Казсушар» РМК-нің Атырау филиалы Қызылқоға аудандық учаскенің бастығы Сайлаубек ТЕМІРҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, жергілікті зертхана ай сайын анализін алып, су ішуге жарамды екенін дәлелдеп беріп отыр.

2015 жылы «Қарасу» кен орнындағы жерасты суын алатын екі ұңғыманы іске қосу құрылысына және мембранды су тазарту қондырғысын салуға  бюджеттен 182 млн теңге бөлініп, «ЭРА» ЖШС жеңімпаз болып танылған. Алайда келісімшартта нысанды 2016 жылы аяқтау көрсетілсе де, әлі күнге дейін тұралап тұр. Тапсырыс беруші аудан әкімдігінің құрылыс бөлімі мердігерді жосықсыз деп тану жөнінде 2017 жылғы 11 қаңтарда Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз бергенімен, сот қанағаттандырмаған. Өйткені, құрылыс бөлімі сотқа беру мерзімінен едәуір  кешігіп қалған көрінеді.

Су тазарту қондырғысы

- «Эра» ЖШС-нің басшылығына тікелей шығып, жұмысты аяқтау жөнінде бірнеше рет ескерттік. ЖШС  директоры бізге бірнеше рет келуге уәде бергенімен қарасын көрсеткен жоқ,- деді Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Жәнібек ТҰРДАҒАЛИЕВ. - Енді келісімшартты бұзып, қалған соманы игеру үшін конкурс жариялап, басқа мердігерді анықтап жатырмыз. Қалайда осы СТҚ құрылысын биыл аяқтауымыз керек.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суреттерді түсірген автор

16 сәуір 2019, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.