Атырау, 25 қараша 00:37
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Құрманғазы ауданына жаңа әкім тағайындалды

6 953 просмотра

Қайрат Нұртаев - суретте оң жақта (ӨКҚ ұсынған сурет)

Бүгін, 15 сәуір күні өңір басшысы Нұрлан Ноғаев мәслихат депутаттарына өз еркімен қызметтен кеткен Бибоз Шаяхметовтың орнына Құрманғазы ауданының жаңа әкімінің кандидаттығын  таныстырды. 

Облыс әкімі бұл орынға бұрын Атырау облыстық  жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасын басқарған Қайрат Нұртаевты ұсынды.

Нұрлан Ноғаев атап өткендей, жаңа әкім Қайрат Нұртаевтың кандидаттығы Қазақстан Республикасының президент әкімшілігімен келісілген. Депутаттар кандидатты қолдап, Нұртаевтың тәжірибелі басшы екенін айтты. 

ӨКҚ ұсынған сурет


Кейін, аудан активі жиында облыс әкімі бұрын аталған қызметте болған Бибоз Шаяхметұлына атқарылған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, Қайрат Нұртаевқа бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қайрат Нұртаевтың  инженер-механик және заңгер мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар, сондай-ақ,  «экономика және бизнес» мамандығы бойынша магистратура тәмамдаған.

2004 жылдан бастап Атырау облыстық экономика және кәсіпкерлікті қолдау басқармасында бас маман қызметін атқарған. 2005 жылдан 2007 жылға дейін Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасында түрлі лауазымдарда қызмет етті.  2008 жылдан бері Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының автокөлік жолдары бөлімінің басшысы болды. 

2017 жылдан бастап сол басқарманың басшысы қызметін атқарды.

Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

15 сәуір 2019, 13:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.