Республикалық және облыстық маңызы бар жолдардағы басты проблемалардың бірі – ірі габаритті жүк көлiктерінің инерттi және құрылыс материалдарын «артық салмақпен» тасымалдауы салдарынан жол төсемі бүлінеді. Бұл туралы брифингте Атырау облысының көліктік бақылау инспекциясы бастығының орынбасары Аманжол ХАБДЕШОВ мәлімдеді.
- Облыс аумағында инертті материалдар өндіретін 9 карьер бар. Бұлардың бәрі маусыммен жұмыс істейді. Күн жылынып, құрылыс жұмыстары басталғанда жол бойымен тасымалдау көлемі көбейеді. Осы кезде бақылауды күшейтеміз. Жүктің салмағы мен көлем нормасы сақталмағаны үшін тасымалдаушы да, жүк жөнелтуші де әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салғым келеді. Жеке тұлғаларға 30 АЕК, шағын бизнес субъектісіне – 50, орта бизнеске – 80, ірі бизнесмендерге – 100 АЕК айыппұл салынады, - деді А.Хабдешов.
Өткен жыл ішінде көлік инспекциясы осындай 782 фактіні анықтап, 34 млн теңгеге айыппұл салған.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА
Суретті түсірген автор