Бүгін, 3 мамырда сағат 11.30 шамасында қатты желдің салдарынан Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округіндегі Н. Манаев мектебінің шатыры ұшып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Бүгінше сабақ уақытша тоқтатылыпты.
- Комиссия құрылып, бүгінде шығын көлемі анықталып жатыр,- дейді Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Жастілек ХАСАНОВ. - Әзірге бұл жұмысты кім атқаратыны белгісіз, кейін анықтаймыз.
Расында да, шатырды кім қалпына келтіретіні белгісіз. Өткен жылы аудандағы осы және тағы екі мектеп күрделі жөндеуге тұрып, «ЭкспресСтрой» ЖШС өз жұмысын соңына дейін атқара алмай, экономикалық сот мердігерді жосықсыз қатысушы деп таныды. Ж. Хасановтың айтуынша, мектептердегі жасалмаған жұмыстардың сметалық жобасы әзірленіп, конкурс бойынша басқа мердігер анықталады екен.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Бейнежазбаны куәгерлер жолдады