Атырау, 25 қараша 01:43
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ешкімді де ренжіткіміз келмейді

3 789 просмотра


Жаяужолмен жүрсең - жаяу жүргіншілердің ашуын тудырасың,  көлік жолымен жүрсең – жүргізушілерді ызаландырасың. Қалада велосипед әуесқойларына қолайлы жағдай жасалғанша, көретін күндері осы.

Атырауда велосипедшілер үшін не жасалып жатқандығы жөнінде қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбек АХМЕДЬЯРОВТАН сұрастырған едім.

- Қазіргі кезде бізде қаланың үш көшесінен - Әлиев, Амандосов және Құрманғазы көшелеріне велосипед жолдарын салу жобасы бар, - деп қуандырды Ахмедьяров.

- Қазір оң жақ жағалауда салынып жатқан паркте ше?

- Иә, ол жерде де велосипед жолы қарастырылған.

- Ал жағалауда?

- Өкінішке орай, жоқ.

Кешкі сағат 7-ге дейін үлгеру үшін жұмыстан ертерек шығып кетуге немесе кешкі сағат 11-ді күтіп, қараңғы уақытта жүруге тура келеді (жағалау велосипедшілер үшін сағат 19-дан кешкі 23-ке дейін жабық). Өкінішке орай, екі нұсқа да маған қолайсыз. Одан да алдағы веложорыққа қатысайын.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

30 сәуір 2019, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.