1 мамыр сағат 17:00-ге жоспарланған жаппай велошеру шарасы ауа райының қолайсыздығына (жауын-шашын болуы ықтималдығы) байланысты өткізілмейді. Себебі жауын-шашын болған жағдайда велосипедшілердің асфальтта жүруіне қауіпті жағдай туындайды.
Велошеруге қатысуға ниет білдірген тұрғындардан Атырау қаласы әкімдігі қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Алдағы уақытта велошеру шарасы қай күнге өзгертілгендігі қосымша хабарланатын болады.
Атырау қаласы әкімдігі