Халық арасында «элеваторный» деп аталатын Бірлік ықшам ауданына қарай кететін өтпежолдың жағдайы мәз емес.
Жол төсемінің екі жағында бірнеше жер шұңқырланып, жарылып кеткен. Көліктер үшін қауіп төндіріп тұр. Айтпақшы, бұл жерден негізінен ірі габаритті жүк көлігі өтеді. Шамасы, үңірейіп тұрғаны да содан шығар. Әрі жол қызметкерлері де кезінде сапасыз салған. Қалай болғанда да мұны жөндеу керек.
Анастасия АЛЮШИНА
Суреттерді түсірген автор