«Клуб басшылығы мен команда Виктор Балютовичке атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіреді және болашақта табыстарға жете беруін тілейді. Қазір клуб бірінші команда бапкерінің орнына үміткер іздестіруде. Жанкүйерлерге шыдамдылық танытып, алдағы ойындарда командаға қолдау көрсетулерін өтінеміз», - делінген баспасөз хабарламасында. Хабарлама 27 сәуірде «Жетісу» командасымен (Талдықорған) болған кездесу 0:0 есебімен тең аяқталғаннан кейін таратылды.
Виктор Кумыков «Атырау» командасына өткен жылдың шілдесінде келген еді. 2018 жылғы ойын маусымында клуб Премьер-лигада қалып, өтпелі матчтар аймағынан бір ұпай жоғары - 9-орынға жайғасқан болатын. 2019 жылғы ойын маусымы сәтсіз басталып, команда 9 ойыннан кейін 5 ұпаймен соңғы орынның алдына орналасты. Қазіргі отставка да осыған байланысты секілді.
Ал кейбір спорт сайттары Кумыковтың орнына танымал ресейлік маман Сергей ПАВЛОВ келуі мүмкін деп топшылайды. 2017 жылы ол Атырау клубының бас бапкері лауазымын атқарып, ол да «тараптардың өзара келісімі бойынша» осы лауазымнан кеткен болатын.
«Атырау» келесі матчты 1 мамырда «Астана» командасымен өткізеді. Бұл ойынды командамыз өз алаңында өткізуі керек еді. Алайда белгілі себептермен Шымкентте өтетін болды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ