Атырау, 25 қараша 01:34
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Елшінің лебізі және сенімді серіктестік

Сурет
3 318 просмотра


АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Х. МОЗЕР Атырауға іссапармен келді. Мұнайгаз саласындағы бірқатар кәсіпорындарды аралап шыққаннан кейін ол Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВПЕН кездесті.


Кездесу жылы атмосферада өтті. Әкім шетелдік компаниялардың қатысуымен әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы мұнай компанияларының зор үлесін атап өтті.



- Екі ел арасындағы серіктестік қарқынды дамып келеді. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері біздің компаниялар инвестициялық жобаларға белсенді қатысуда. Бұл біздің елімізге және елбасының саясатына сенімді білдіреді, - деді Ноғаев.

Айта кету керек, бұл Уильям Мозердің Атырауға алғашқы келуі емес екен.

– 1998 жылы сіздің өңіріңізге энергетика бойынша атташе болған кезде «Теңізшевройлға» келдім. Содан бері қарай Атырауда көп нәрсе өзгерген. Инфрақұрылым, халықтың әл-ауқаты едәуір жақсарған. Бұған мұнай компанияларының да қосып отырған үлесі зор. Мен ел аумағында жұмыс жасайтын шетелдік компаниялардың атынан Қазақстан басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді. Әрине, бізге өңірлік билікпен тығыз байланыста жұмыс жасау өте маңызды, - дейді Мозер мырза.  

Содан кейін БАҚ өкілдерінен кеңес залынан кетуді өтініп, тараптар әрі қарай бірлесіп жұмыс жасау мәселесін талқылауға кірісті.

Уильям Мозерді АҚШ Сенаты ҚР-дағы елші лауазымына биылғы 2 қаңтарда бекітті. Бұдан бұрын ол Молдова Республикасында елші қызметін атқарған.

Одан бұрынғы американдық елші Джордж КРОЛ Қазақстандағы өз миссиясын өткен жылы аяқтаған еді.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

25 сәуір 2019, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.