Атырау, 16 наурыз 08:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Атырауда

Қоқыс көп, сұрақ жоқ Басқа жаңалықтар

Қоқыс көп, сұрақ жоқ

29 наурызда Атырау әкімдігінде облыс орталығын санитарлық тазалау және көркейту бойынша көктемгі (сәуір-мамыр) екі айлыққа арналған кеңес өтті. Бұл жұмыстар үшін қала 9 округке бөлінді, әрқайсысында атқарылатын жұмыстар көп.  30 наурыз 2018, 15:23 2 990 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Жыл басынан бері Атырау полициясына интернет алаяқтарының құрбандарына айналған 20-дан астам азамат шағымданды. Мәселен, зардап шегуші тауар сатып алу үшін 400 мың теңге аударған. Содан кейін жалған сатушы байланысты үзіпті. 29 наурыз 2018, 00:00 2 890 рет қаралды
Ағаштан түйін түйген Мәдениет

Ағаштан түйін түйген

Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде қолөнер шеберлерінің арасында облыстық байқау өтті. Оған 60-қа жуық шеберлер қатысты. Әділқазылар шешімі бойынша бүтін ағаштан домбыра ойып жасаған  Мазен ШАКИЕВ жеңімпаз болып танылды. 29 наурыз 2018, 00:00 4 862 рет қаралды
Атырауды қалай құтқардық Басқа жаңалықтар

Атырауды қалай құтқардық

Осыдан тура 25 жыл бұрын Атырау облысының өзендері арнасынан асып, кейбір елді мекендерді, соның ішінде, Миялы мен Құлсары аудан орталықтарын су басып, адамдар қаза болды. Республикалық трассалардың жүздеген метрі су астында қалды, ал осы жерлерде, тіпті, ондаған жүк көліктері ойыншық секілді долыланған ағыс бойымен көрінбейтін асфальт жыраларына түсіп кетті. Атырауда бетон жағалау түгелімен су астында қалды, толқындар көпір жақтауына соғылып жатты. Сол мазасыз күндер мен түндер туралы «АЖ» тілшісіне сол кездегі қалалық әкімшілік басшысы болған Нұрпейіс МАХАШЕВ әңгімелеп берді: 28 наурыз 2018, 15:27 5 227 рет қаралды
Қонақ үйдегі притон Басқа жаңалықтар

Қонақ үйдегі притон

«Stop-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Атырау облыстық ІІД қызметкерлері жезөкшелерден ақша алып, олардың қызметін қонақүйге келушілерге ұсынған жергілікті қонақүйлердің бірінің 42 жастағы күзетшісін ұстады.  Бейнежазба 28 наурыз 2018, 15:17 3 036 рет қаралды
Қарғаға қаржы бөлінеді Басқа жаңалықтар

Қарғаға қаржы бөлінеді

Соңғы жылдары Атырауда қарғалар көбейіп кетті. Қала тұрғындары үшін бұл жағымды жайт деп айтуға болмайды. Қанаттылардың көбею себептері туралы «АЖ» тілшісі облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамының бас орнитологы Александр ИВАСЕНКОДАН сұраған еді. 27 наурыз 2018, 16:41 4 452 рет қаралды
Алаяқ па, ГазАймақ па? Басқа жаңалықтар

Алаяқ па, ГазАймақ па?

Атырау облысындағы табиғи газ жеткізушіге қызмет көрсететін (және жай төңірегіндегі) фирмалар жеткілікті. Газды қауіпсіз пайдалану үшін іс жүзінде кімге және неге міндетті екенімізді «Ақ Жайық» газетінің тілшісі анықтаған еді. Жаңылысу болмас үшін кейбір фирмалардың тек мұржалармен жұмыс істей алатынын, ал басқаларының – анағұрлым күрделі жабдықтарға техникалық қызмет көрсетумен және газ үшін ақша жинаумен айналысатынын бірден есте ұстаған жөн. 27 наурыз 2018, 10:44 5 704 рет қаралды
Президенттен де мықты Басқа жаңалықтар

Президенттен де мықты

Балықшы тұрғыны өзіне емес, мемлекетке – халыққа тиесілі Жайық жағасына гараж, жел генераторы, катерлерге арналған тұрақ, тіпті, жеке айлақ салған. Бірнеше жылдан бері бір адамның қалайша көршілерінің басын қатырып, жергілікті билікті алдап келгені туралы хикая 2013 жылы жағалаудағы ескі автобусты көлденең қойып, құрылысшыларға бекітілген жоба бойынша жағалауды абаттандыруға мүмкіндік бермеген кезде басталған еді. Сурет 26 наурыз 2018, 12:08 5 024 рет қаралды
Атыраудағы жаһандық жылыну Басқа жаңалықтар

Атыраудағы жаһандық жылыну

«Соңғы кездері жаһандық жылыну туралы көп айтылып жүр. Біздің өңірде орташа жылдық температура көтеріле ме?» - деп сұрады Атырау қаласының тұрғыны Болат. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен жылы мұнай астанасындағы орташа температура +9,2°С болған. 26 наурыз 2018, 10:58 3 171 рет қаралды
Темірлан - ең жас чемпион Спорт

Темірлан - ең жас чемпион

Семейде жастар арасында грек-рим күресінен ел чемпионаты өтті. 77 келіге дейінгі салмақта атыраулық палуан Темірлан ЕСПЕНБЕТ тамаша жетістікке жетті. Ол 5 жекпе-жек өткізіп, жартылай финалда өткен жылғы кадеттер арасында Азия чемпионы атанған Дәулет Жалғасовтан басым түсті. Ал финалда боз кілем қожайындарының өкілі, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Дәулет Нысанбаевты сенімді түрде жеңіп шықты. Жаңа чемпион туралы және басқа да тақырыптар туралы ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рашид МУСИНМЕН әңгімелескен едік. 22 наурыз 2018, 00:00 4 247 рет қаралды
«Мамандық алсам, осында қалғым келеді» Басқа жаңалықтар

«Мамандық алсам, осында қалғым келеді»

Қазіргі таңда Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Қытайдан келген 70 студент оқиды. Оның 45-і даярлық курсында білім алса, қалған 15-і болашақ мамандар. Аспанасты елінен келген студенттердің қазіргі жағдайы туралы «АЖ» тілшісі  университет ректоры Абзал ТАЛТЕНОВПЕН сұхбаттасты, сондай-ақ кейбіреуімен кездесті. Сурет Бейнежазба 21 наурыз 2018, 18:10 6 478 рет қаралды
Суық балкон үшін төлемақы Басқа жаңалықтар

Суық балкон үшін төлемақы

«Біз Атырауда Уәлиханов көшесіндегі «Томирис» тұрғын үй кешенінде 126 шаршы метр алаңдағы пәтерде тұрамыз. Оның 15 шаршысы – жылытылмайтын екі балконның ауданы, бірақ «Томирис» ТК бізден екеуін де жылытқаны үшін төлемақы алады. Осы жердегі көпқабатты 8 үйдің тұрғындары түгел осы әділетсіздіктен зардап шегіп отыр. Неліктен көрсетілмейтін қызмет үшін бізді ақы төлеуге мәжбүрлейді?» - деген сұрақпен «АЖ» редакциясына осы жаңа кешеннің тұрғыны Нұрлан хабарласты. 21 наурыз 2018, 18:00 4 005 рет қаралды