Өткен демалыс күндері Атырауда Қ.Смағұлов атындағы аллеяда Әлеуметтік кәсіпкерлік апталығы ашылды. Әлеуметтік кәсіпкерліктің проблемалары мен табысы туралы жұртшылыққа кеңінен таныстыруға арналған бұл акция Қазақстанның түрлі қалаларында үшінші жыл қатарынан өтіп жатыр.
Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» ұйымдастырған шараға әлеуметтік салаға байланысты өз жобаларын ұсынған 22 кәсіпкер қатысты. Ал 28 маусымда Атырауда өңірлік форум өткізіліп, онда осы бизнес-жобалардың ішіндегі үздік жоба авторлары марапатталады.
«АЖ» анықтамасы. Әлеуметтік кәсіпкерлік – әлеуметтік, мәдени немесе экологиялық проблемаларды шешу үшін стартаптар мен басқа құралдарды пайдалану. Егер дәстүрлі кәсіпкерлер, әдетте, өз қызметінің табыстылығын пайдаға, түскен түсімге және акцияның құнына қарап бағаласа, әлеуметтік кәсіпкер үшін табыстың басты критерийі «әлеуметтік қайтарым» болмақ.
Анастасия АЛЮШИНА
Суретті түсірген автор