Атырау, 24 қараша 18:48
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Туған жердің топырағы

2 954 просмотра


Жақында 1942 жылы Ленинградты жаудан азат ету жолында Тосна өзені бойында болған шайқаста қаза болған исатайлық Бисенғали МАЛДЫБАЕВТЫҢ сүйегі туған еліне әкелінді. Оның сүйегін Святой Георгий іздеуші тобына қарасты «Горячий снег» отряды биыл 10 мамырда Санкт-Петербург қаласының Колпинский ауданынан тапқан. Сүйекті солдат медальоны арқылы таныған екен.

Б. Малдыбаев Гурьев облысы Новобогат ауданынан 1940 жылы 20 жасында әскер қатарына шақырылған. 1942 жылы ерлікпен қаза болып, кейін «За оборону Ленинград» медалімен марапатталған.

Екінші дүниежүзілік соғысқа Малдыбаевтар шаңырағынан Кенжеәлі, Бердіғали, Бисенғали  атты үш ұл қатысып, бірде-біреуі аман-есен елге оралмайды. Үш бірдей ұлын зарыға күткен Жәміш ана бар ғұмырын балаларын күтумен өткізеді. Артынан қанша іздеу салып, хат жазсада қайран ана бір дерекке қол жеткізе алмай арманда кеткен еді. Өмір өте келе Кенжеәлі Малдыбаевтың сүйегі Украина жеріндегі Сошино селосындағы бауырластар зиратынан табылады. Бердіғали белгісіз жауынгерлердің тізімінде.

Ал сержант Бисенғали Малдыбаевқа ұзақ жылдардан кейін болса да туған жердің топырағы бұйырды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА  

25 маусым 2019, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.