Атырау, 24 қараша 18:23
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Теңізшевройл» ЖШС қоғамдық тыңдау өткізеді

PR
3 543 просмотра


«Теңізшевройл» ЖШС 2019 жылғы 24 шілдеде сағат 15:00-де Атырау қ. «Ренессанс» қонақ үйінде «Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ). Түзету» жобасына арналған қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) материалдарын қарау бойынша ашық жиналыстар түріндегі қоғамдық тыңдаудың өткізілетіндігін хабарлайды. 

Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасына сәйкес, «Теңізшевройл» ЖШС барлық мүдделі тараптардың қарауына «Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы. Түзету» жобасына арналған ҚОӘБ материалдарын ұсынады. 

ҚОӘБ материалдары қоғамдық тыңдау өткізу алдында қоршаған ортаға әсерді бағалау процесі туралы ақпаратты жұртшылық пен барлық мүдделі тараптардың қаперіне жеткізу мақсатында шығарылады.

ҚОӘБ-нің электрондық нұсқасымен www.tengizchevroil.com сілтемесінен таныса аласыз.

Сондай-ақ, ҚОӘБ бойынша құжаттардың толық нұсқасымен келесі мекенжайларда танысуға болады:

  • Атырау қ., Махамбет Өтемісұлы к-сі, 88, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы кеңсесі;
  • Құлсары қ.,  Тайманов к-сі, 28, «Шаңырақ» қонақүйі.

ҚОӘБ бойынша ескертулеріңізді келесі электрондық мекенжайға жолдауыңызды сұраймыз: tcofp@tengizchevroil.com.

ҚОӘБ материалдарын дайындаған: «Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігі» ЖШС, электрондық мекенжайы: almaty@kape.kz.

Жергілікті атқарушы орган және қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға жауапты тұлғаның байланыс мәліметтері: Атырау облысы әкімдігі, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, байланыс деректері: +7 7122 35-45-59, atr_priroda@mail.ru.

Жергілікті атқарушы органның ескертулер мен ұсыныстарды қабылдайтын электрондық мекенжайы: atr_priroda@mail.ru.

Жергілікті атқарушы органның жоба құжаттамасын қамтитын интернет-ресурсының мекенжайы: http://atyrau.gov.kz.

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік орган: Атырау облысы бойынша экология департаменті. 

Қоғамдық тыңдауды өткізу күні және уақыты - 24 шілде 2019 ж., сағ. 15:00-де.

Тіркеу уақыты: 14:30.

Мекенжайы: Атырау қ., Сәтпаев к-сі, 15 B, «Ренессанс» қонақүйі.

25 маусым 2019, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған