Атырау, 24 қараша 18:43
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Пәтер ұрлығын ашу қиын ба?

3 112 просмотра


Жыл басынан бері Атырау облысында 1234 бөтен мүлікті ұрлау фактісі тіркелді. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға аз. Жергілікті полицейлер  қылмыстың осы кең тараған түрінің ашылуы ойдағыдай деңгейде деп есептейді. Ал статистикаға қарамай, адамдарды тыңдасақ, қарама-қайшы көріністі көреміз.

Қала тұрғыны әлеуметтік желіге ашулы жазба қалдырыпты: «Пәтерімді кілтпен ашып, тонап кеткеніне бір жыл болды. Ақшам мен зергерлік бұйымдарымды қолды қылды. Бұған көндіктім ғой, ұрлағандары ұрылардың тамағынан өтпесін. Бірақ «қауіпті әрі қиын, бір қарағанда көзге көрінбейтін» құқыққорғау органдарының жұмысы туралы айтқым келеді.

Екіншісінде де сондай әсерде болдым. Ұрлық болғанын білген соң, дереу полиция шақырдым. Екі сағат бойы пәтер ішінде тәртіп сақшыларына толды. Ешкім тимеген, бұзылмаған болса да, терезе жақтауларынан саусақ іздерін алды. Полицейлердің өздері ұрылардың есік арқылы кіргенін айтса да, неліктен екені белгісіз, ол жерден де, құнды заттар сақталған жерлерден де саусақ іздерін алмады. Абыржығаннан тіпті ұрланған әшекейлерді де дұрыстап сипаттай алмадым. Тауып алған бір суретті ғана көрсеттім. Бірер аптадан кейін менің өзіме ломбардтарды аралап шығуға кеңес берді. Әзілі ме? Бізде ондай жерлер көп қой.

Үйімнің ауласында достарымның бақылау камералары орнатылған еді, солардан жазбалар алдым - сапасы HD емес, бірақ ішінде жазылған нәрсе бар ғой. Оларды ақыры полицияға бере алмадым, оны қабылдайтын ешкімді таба алмадым. Жазбаны алуға өздері келмеді, ал мен камералардың қай жерде екенін бақырайтып көрсеткен едім. Қоңырау соқпады да, шақыртпады да. Кейін тірек пунктіндегі учаскелік инспектордан «Менің үйімнің ұрлығына қатысты не болып жатыр?» деген сұрағыма, «Білмеймін. Мен демалыста болдым» деген жауап алдым. Енді өз үйім – берік қамалым дей алмайтын болдым. Бұл қорқынышты нәрсе».

Бірақ алғыс білдіргендер де болды. Мәселен, 10 маусымда Атырау тұрғыны Алтын жедел басқару орталығының қызметкерлеріне алғыс білдіріпті. Олардың көмегімен таксиде ұмытып кеткен смартфоны мен банк карталары салынған әмияны табылған.

- Күні бойы шаруаларым болып, кішкентай ұлыммен жүрген едім. Соңынан ұлымның мазасы кетіп, алаңдап кеттім. Пәтерімнің алдына келгенде ғана заттарымды ұмытқанымды білдім. 102-ге қоңырау шалдым, бірақ көлік нөмірін есіме түсіре алмадым. Қатты уайымдап едім, бірақ полицейлер жүргізушіні тез анықтап, оның үйіне полицейді жіберіпті. Әмиян мен телефонымды алдым. Жүргізушіге шағымым жоқ, - дейді Алтын.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

25 маусым 2019, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.