Атырау, 25 қаңтар 09:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Арыспен біргеміз

3 497 рет қаралды


Атырауда Арыста зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау пункті ашылды. Естеріңізге салсақ, кеше Түркістан облысының Арыс қаласында қару-жарақ қоймасында қуатты жарылыстар болып, 40 мыңнан астам жергілікті тұрғын өз үйлерінен қауіпсіз жерге көшірілген болатын.

Атыраудағы гуманитарлық көмек қабылдау қосыны Әйтеке би, 79 А (Кіші Өнер академиясының жанындағы облыстық «Нұр Отан» партиясының ғимараты) мекенжайында орналасқан. Қосымша ақпаратты +7 (775) 000-28-85 телефоны арқылы алуға болады. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қазір гигиеналық құралдар, қалбырлар, жарма мен макарон бұйымдары, балалар киімдері, жамылғы және көрпелер қажет.

ТЖД-да 8 (7122) 45-41-47, 8 (7122) 45-14-75 телефон нөмірлері бойынша қауырт желілер ұйымдастырылды.

Фархат ӘБІЛОВ

25 маусым 2019, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.