Атырау, 15 қазан 06:04
 дождьВ Атырау +16.8
$ 450.62
€ 504.20
₽ 5.36

Атырауда

Елордадағы «Атырау» көпірі қандай күйде? Басқа жаңалықтар

Елордадағы «Атырау» көпірі қандай күйде?

Астананың, қазіргі Нұр-Сұлтанның 20 жылдығына Атырау облысы өз қаржысына (6 млрд теңге) Есіл өзенінің екі жағасын жалғайтын жаяу жүргіншілер көпірін тарту еткені белгілі. Бұл көпір «Бәйтерек» монументі мен Тәуелсіздік Сарайы секілді астананың көрнекті орнына айналып үлгерді. Бүгінде Нұр-Сұлтанға тарту еткен Атыраудың сыйлығы қандай кейіпте екенін «АЖ» тілшісі өз көзімен көрген еді. Сурет Бейнежазба 6 маусым 2020, 16:29 13 628 рет қаралды
​«Ломбард ісі»: "Нұр-Али Капитал" басшысы әлі табылған жоқ Атырауда

​«Ломбард ісі»: "Нұр-Али Капитал" басшысы әлі табылған жоқ

«Ломбард ісін» соңғы кездегі ең ірі алаяқтық жоба деуге болады. «Гарант 24 Ломбард», «Estate Ломбард», «Выгодный займ», «Нұр-Али Капитал», «Выгодный депозит» және «ХоумАвтоИнвест» ЖШС арбауына тек атыраулықтар емес, басқа өңірдің тұрғындары да ілігіп қалған. Полиция әлі күнге дейін зардап шеккендердің санын түгендей алмай жатыр. Қазіргі ахуал туралы  «АЖ» материалынан оқыңыз. 6 маусым 2020, 16:16 3 595 рет қаралды
«Ыстықта электр қуатына қатысты іркіліс болмайды» Атырауда

«Ыстықта электр қуатына қатысты іркіліс болмайды»

Алдыңғы екі жылда маусым-шілде айларында Атырауда электр тұтыну (кондиционерлер қолдану) көбейіп, қуаттың жетіспеуіне байланысты іркілістер жиі болды. Ал бізді осы жазда не күтіп тұр? Ал бізді осы жазда не күтіп тұр? 6 маусым 2020, 14:36 3 278 рет қаралды
Атырау әкімдігі 427 миллионның әр теңгесін тексеруге уәде етті Атырауда

Атырау әкімдігі 427 миллионның әр теңгесін тексеруге уәде етті

Қалалық ТКШ бөлімі Атырау көшелеріне санитариялық тазалау жұмыстарын атқаруға тендер өтетінін хабарлады. Жоба құны – 427 миллион теңге. Құжатта көрсетілгендей, қызметті орындаушы бүкіл қала аумағын, яғни 4 мың гектардан астам жерді тазалауы керек. 6 маусым 2020, 01:35 3 474 рет қаралды
Атыраудағы тергеу абақтысында әжетханаға ағызатын су болмаса да, ұялы телефон бар Атырауда

Атыраудағы тергеу абақтысында әжетханаға ағызатын су болмаса да, ұялы телефон бар

Атырауда тергеу изоляторында жақында орын алған тәртіпсіздіктер тергелушілердің жағдайы мәз еместігін тағы да паш етті. Атыраулық танымал адвокат Руслан ЖАҚЫПОВ осылай деп есептейді. 5 маусым 2020, 17:43 9 110 рет қаралды
​Тоңазытқыштағы нәресте өлімі туралы іс: екі сотталушы сот процесіне бетпе-бет  қатысуды талап етті Оқиға

​Тоңазытқыштағы нәресте өлімі туралы іс: екі сотталушы сот процесіне бетпе-бет қатысуды талап етті

4 маусымға белгіленген облыстық перинаталдық орталығындағы нәрестені өлтіру туралы іс бойынша кезекті сот отырысы ақыры өткен жоқ. Тергеу изоляторларындағы сотталушылар бейнебайланыс арқылы процеске қатысудан бас тартып отыр. 5 маусым 2020, 17:39 4 536 рет қаралды
Атырау тұрғындарына алаңдар мен саябақтарға баруға тыйым салынды Атырауда

Атырау тұрғындарына алаңдар мен саябақтарға баруға тыйым салынды

Атырау қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденов эпидемиологиялық ахуал толығымен тұрақталғанға дейін Атырау қаласында карантиндік шектеу шараларын сақтау туралы қаулы қабылдады.  5 маусым 2020, 16:05 4 042 рет қаралды
Құлсарыдағы кәсіпкерлер карантинді тоқтатуды талап етуде Атырауда

Құлсарыдағы кәсіпкерлер карантинді тоқтатуды талап етуде

Құлсары қаласында бір топ шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері жергілікті әкімдік алдына жиналып, өз талаптарын қоюда. Олардың басты талабы — базарлар мен сауда орындарын ашу. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 5 маусым 2020, 15:39 5 449 рет қаралды
Көліктік бақылау инспекциясының басшысы пара алды деп күдіктелуде Оқиға

Көліктік бақылау инспекциясының басшысы пара алды деп күдіктелуде

Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің мәліметіне сәйкес, облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысына қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабы 2 бөлігімен («Айтарлықтай мөлшерде пара алу») сотқа дейінгі тергеу басталды. 5 маусым 2020, 15:24 4 509 рет қаралды
ҰҚК Атырауда қылмыстық топтың жолын кесті Атырауда

ҰҚК Атырауда қылмыстық топтың жолын кесті

2020 жылғы 3 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізілген арнайы операция нәтижесінде спорттық орта мен ықтимал деструктивті діни ағымдардың өкілдерінен тұратын адамдар тобының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. 5 маусым 2020, 14:57 4 218 рет қаралды
«ТШО бізді серіктес деп атайды – ендеше қолдау көрсетіңіздер!» Экономика

«ТШО бізді серіктес деп атайды – ендеше қолдау көрсетіңіздер!»

Пандемия, мұнай бағасының төмендеуі, өндірісті қысқарту туралы ОПЕК+ келісімі және Қазақстан экономикасына теріс әсер ететін басқа да факторлар елді жаппай жұмыссыздыққа әкеледі. Қарапайым факт: тек Теңіз кенішінің өзінде 20 мыңға жуық адам жұмыстан босады, олардың әрқайсысының отбасы бар. 5 маусым 2020, 14:42 4 813 рет қаралды
Тергеу абақтысындағы бүлік: «Ауыр қылмыс үшін сотталғандар басқаларын азғырған» Атырауда

Тергеу абақтысындағы бүлік: «Ауыр қылмыс үшін сотталғандар басқаларын азғырған»

Алдыңғы күнгі тергеу абақтысындағы тәртіпсіздіктерге байланысты Астанадан арнайы келген ҚАЖ Комитеті төрағасының орынбасары Мейрам АЮБАЕВ, Атырау облысы прокурорының орынбасары Бауыржан ЖҰМАХАНОВ және қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Асылтек ИСПУСИНОВ брифинг өткізді. 5 маусым 2020, 16:47 5 047 рет қаралды
Бас сертификат беруші заңсыз бизнес жүргізді деген күдікке ілінді Оқиға

Бас сертификат беруші заңсыз бизнес жүргізді деген күдікке ілінді

«Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК Атырау филиалының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті. Тергеу ҚР ҚК 364-бабы бойынша жүргізілуде («Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу"). 5 маусым 2020, 12:20 4 439 рет қаралды
​Зират басына баруға болады Атырауда

​Зират басына баруға болады

Атыраулық православиялықтарда Пасхадан кейін атап өтілетін Радоница деген  бақилық болған жақындарының жерленген жеріне барып, еске алатын күн бар. Биыл сол күн 28 сәуірге келіп, белгілі себептерге байланысты атап өтілмей қалды. Оларды еске алатын тағы бір маңызды Родительская суббота деген бар 6 маусымға келіп тұрған. Жергілікті православ тұрғындар осы күні зиратқа бара аламыз ба деп алаңдап отыр. 5 маусым 2020, 11:40 5 315 рет қаралды
Әкімдікте де, денсаулық сақтау саласында да ұрлық бар Басқа жаңалықтар

Әкімдікте де, денсаулық сақтау саласында да ұрлық бар

Жыл басынан бері Атырау облысында сыбайлас жемқорлық қылмыстары арқылы мемлекетке тигізілген зиян 1,1 млрд теңге болды. Бұл соманың 98% қайтарылды. Бұл туралы брифингте Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының міндетін атқарушы Қанат ҚОЖАХМЕТОВ мәлімдеді. 4 маусым 2020, 17:29 4 195 рет қаралды
Әлі де сақтық керек – екі адам көз жұмды Атырауда

Әлі де сақтық керек – екі адам көз жұмды

Атырауда коронавирус инфекциясынан екі адамның қайтыс болуына байланысты Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының м.а. Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ пен Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ брифинг өткізді. 4 маусым 2020, 16:55 3 635 рет қаралды
Депутаттар салық қызметкерлерінен «Дина» көтерме базарын тексеруді талап етті Атырауда

Депутаттар салық қызметкерлерінен «Дина» көтерме базарын тексеруді талап етті

Қалалық мәслихат сессиясында мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы Диас ҚАДЫРБАЕВ депутаттар Гүлзинеп ДҮСІПОВА мен Қаршыға ЖАУЫМБАЕВТЫҢ «нысанасына» ілінді. 4 маусым 2020, 16:55 4 469 рет қаралды
Тоңазытқыштағы нәресте өлімі туралы іс: сотталушылар тергеу абақтысындағы тәртіпсіздікке байланысты қатыса алмады Оқиға

Тоңазытқыштағы нәресте өлімі туралы іс: сотталушылар тергеу абақтысындағы тәртіпсіздікке байланысты қатыса алмады

Атырауда облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасуда. 2 маусымда мемлекеттік айыптаушылар 14 эпизодтан тұратын 150 беттік айыптау актісін оқуға кірісті. Бейнежазба 4 маусым 2020, 15:50 5 754 рет қаралды