Атырау, 26 сәуір 20:57
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адамның 5-еуі - Атырау қаласынан, 2-уі - Құлсарыдан

4 038 просмотра

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адам анықталды, деп хабарлайды жедел штаб.

COVID-19 жұқтырған 4 адам  Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің  қызметкерлері. Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және Теңіз кен орнынан шығар кезде скринингтен өткен қызметкерлер.

Ал, 5 жағдай Атырау қаласынан тіркелді. Олардың ішінде үшеуі ЖРВИ симптомдарының бар болуына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгінген, ал екеуі инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болғандар.

Сондай-ақ 2 адам Жылыой ауданы, Құлсары қаласының тұрғындары. Олар инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған.
Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

6 маусым 2020, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.