Бүгін, 5 маусымда Атырауда Стройконтора маңында таңертеңнен газ құю стансасы мен газ тасымалдайтын көлік өртеніп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, адам өлген жоқ.
Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. Толық ақпаратты ТЖД кейін беруге уәде етті.
Газ-ауа аралас сұйықтықты құйғанда газ кетіп жарылды, - деп хабарлайды Атырау облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметі. –Жарылыс сол маңда жақын тұрған қойманы бұзып жіберді.
Өрттен станса қызметкері мен көліктің жүргізушісі және екі өрт сөндіруші зардап шекті.
Өрт сағат 09.42-де ауыздықталып, 09.58-де толық жойылды. Оқиға бойынша шақыруға 29 өрт сөндіруші мен 5 техника шықты.
Фархат ӘБІЛОВ
Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор