Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің мәліметіне сәйкес, облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысына қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабы 2 бөлігімен («Айтарлықтай мөлшерде пара алу») сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу болжамы бойынша, өткен жылдың 25 қазанында ол кәсіпкерден жүк тасымалын жүзеге асыруға рұқсат беруге және жалпы қамқорлығына алу үшін 150 мың теңге көлемінде пара алды.
- Сондай-ақ, инспекция басшысы 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін белгіленген тыйымға қарамастан, жақын туысына ресімделген арнайы техниканы жалға беру бойынша жеке кәсіпкерлікті өзі басқарғаны және осы ЖК-ны мүмкіндігін артып, қамқорлығына алғаны анықталды, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте.
Айнұр САПАРОВА