«Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК Атырау филиалының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті. Тергеу ҚР ҚК 364-бабы бойынша жүргізілуде («Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу").
Басшы белгіленген шектеуге қарамастан, туысының атына тіркелген ЖШС жұмысын басқаруға өзі қатысты деп күдіктелуде. ЖШС сертификаттау және техникалық реттеу саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады және оған басымдық беріліп, қамқорлық көрсетіліп тұрған.
Айнұр САПАРОВА