Атырау, 15 қаңтар 17:02
 ашықВ Атырау -3
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

«Ыстықта электр қуатына қатысты іркіліс болмайды»

2 775 просмотра

Алдыңғы екі жылда маусым-шілде айларында Атырауда электр қуатын тұтыну (кондиционерлер қолдану) көбейіп, қуаттың жетіспеуіне байланысты іркілістер жиі болды. Ал бізді осы жазда не күтіп тұр? 

Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Бауыржан ТҰХФАТОВ «АЖ» сауалына былай деп жауап берді: «Қазір «АЖЭО» АҚ-ның электр энергиясы бойынша белгіленген ең жоғарғы қуаты - тәулігіне 414 МВт, ал нақты берілетін қуат - 250 МВт. Резервтегі турбоагрегаттарды қосқан жағдайда ЖЭО 290-300 МВт-қа дейін қуат бере алады.

Бұдан басқа, электр қуаты өте тапшы болған жағдайда Ресейден «Атырау Жарық» АҚ («ИнтерРАО ЕЭС» ЖАҚ) және Маңғыстау облысындағы «КЕГОК» АҚ («МАЭК-Казатомпром» ЖШС) желілері арқылы баланстан тыс энергия көздерінен қосымша қуат алуға болады.

2020 жылға арналған жұмыс кестесіне сәйкес, ЖЭО-да қаңтар-қыркүйек аралығында 4 қазандық агрегаты, ал қаңтар-желтоқсанда 4 турбоагрегат жөнделеді. Жөндеу жұмыстары ЖЭО-ның жалпы қуатына әсер етпейді. Жергілікті атқарушы орган облыста электр қуатының тапшылығын болдырмау үшін барлық шараларды алуда».

Дайындаған Мирас МҰСТАФАЕВ

6 маусым 2020, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.