Атырау, 25 сәуір 05:01
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Тоңазытқыштағы нәресте өлімі туралы іс: екі сотталушы сот процесіне бетпе-бет қатысуды талап етті

4 048 просмотра

4 маусымға белгіленген облыстық перинаталдық орталығындағы нәрестені өлтіру туралы іс бойынша кезекті сот отырысы ақыры өткен жоқ. Тергеу изоляторларындағы сотталушылар бейнебайланыс арқылы процеске қатысудан бас тартты.

3 маусымнан бері  сотталушыларды тергеу изоляторларынан жеткізу мүмкін болмай отыр. 4 маусымда бейнебайланыс арқылы сот отырысын өткізу жоспарланған еді, бірақ екі сотталушы - Қуаныш НЫСАНБАЕВ пен Руслан ҚАЙЫРЖАН байланысқа шығудан бас тартты. Оның себебі ресми жарияланған жоқ, бірақ кейін олардың сот отырысына бетпе-бет қатысу  туралы талап еткендігі анықталды.

Судья Гүлмира ДӘУЛЕТОВА сот залына сотталушыларды жеткізу туралы мәселені  тергеу изоляторының басшылығы әлі күнге дейін шешпегенін мәлімдеді. Оларды жеткізу туралы судьяның қаулысы тергеу изоляторына, облыстық прокуратураға және Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне, сондай-ақ  ІІМ-не жіберілді. Бірақ әлі күнге жауап келген жоқ. Келесі отырыс 9 маусымға белгіленді – прокурорлар айыптау актісін оқуды жалғастырады.

Ал әзірге айыптаушы мәлімдеген кейбір эпизодтарға тоқтала кетейік. Олардың барлығы Нысанбаевқа қатысты.

ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы («Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу»). Эпизод: 2017 жылдың қарашасынан 2019 жылдың маусымына дейінгі кезеңде еңбек шарты бойынша өз міндеттерін толық орындамаған медицина қызметкерлерінің біріне 1 139 002 теңге көлемінде ақша аударылды. Басқа эпизод. Қ.Нысанбаевты «Әкімшілік мәселелер жөніндегі магистр» мамандығы бойынша оқыту үшін Перинаталдық орталық «ҚАЗГЮУ Университеті» АҚ-мен құны 1,8 млн теңгеге келісім-шарт жасасты. Бұл ақша медициналық жабдықтар сатып алуға арналған демеушілік көмек қаражаты есебінен аударылған. Оның үстіне Нысанбаевтың алған мамандығы медицина саласына қатысы жоқ.

Тағы бір эпизод. Өткен жылы ОПО қызметкерлеріне сыйақы, ынталандыру бонустары мен ақылы қызметтер үшін бонус ретінде 7 млн 161 мың теңге төленді, ол ақшаны кейін бір сенімді қызметкер жинап алып, жүкті әйелдің өлімі туралы іс бойынша жәбірленушіге жіберу үшін деген желеумен Нысанбаевқа берді.

367 баптың 2 бөлігі («Айтарлықтай мөлшерде пара беру»). Өткен жылдың 26 мамырында перинаталдық орталықта босану кезінде науқас қайтыс болды. Дәрігерлердің қаншалықтыт кінәлі екенін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Айыптау актісіне сәйкес «Атырау облысы бойынша сот-медициналық сараптама институты» РМҚК басшылығына сараптама нәтижелері өзінің пайдасына шешілуі үшін Нысанбаев 300 мың теңге көлемінде пара ұсынғанмен,  олар одан бас тартқан.

190 баптың 3 бөлігінің 2 тармағы («Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам жасаған алаяқтық»). 2018 жылы Нысанбаевтың өтініші бойынша "BBNмұнай" ЖШС Португалиядағы неонатолог-дәрігердің біліктілігін арттыруға 1 млн 490 мың теңге бөлді. Бірақ осы ақшаға шетелге өзі барған.

370 баптың 4 бөлігі («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік»). Өткен жылдың 9 айының қорытындысы бойынша перинаталдық орталықта өлім-жітім көрсеткіші өскені байқалды - 196 жаңа туған сәби қайтыс болған. Егер Нысанбаев өзінің лауазымдық міндеттерін біліктілікпен атқарғанда,  өлім жағдайы әлдеқайда аз болатын еді делінген мамандардың қорытындысында.

Айнұр САПАРОВА 

Суретті түсірген автор

5 маусым 2020, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.