Атырау, 24 қараша 22:10
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әкімдікте де, денсаулық сақтау саласында да ұрлық бар

3 728 просмотра

Жыл басынан бері Атырау облысында сыбайлас жемқорлық қылмыстары арқылы мемлекетке тигізілген зиян 1,1 млрд теңге болды. Бұл соманың 98% қайтарылды. Бұл туралы брифингте Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының міндетін атқарушы Қанат ҚОЖАХМЕТОВ мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке 27 адам тартылды, оның ішінде 7-еуі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары – 5-еуі облыстық және 2-еуі аудандық деңгейдегі басшылар. Атқарушы билік органдарында 32 қылмыс, денсаулық сақтау саласында - 17, мемлекеттік бағдарламаларда - 8, әлеуметтік бағдарламаларда - 9, құрылыс саласында - 5 қылмыс анықталды.

- Жедел-іздестіру шараларының нәтижесі бойынша, келісімшарт жасағаны үшін пара алу фактісі бойынша ҚР ІІМ ҚАЖК-нің «Еңбек-Атырау» филиалының басшысына және басқа тұлғаларға қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабы 3-тармағының 2,4-тармақтары (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады Қ.Қожахметов.

Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығы бар екенін еске салды.

Жыл басынан бері біздің өңірімізде 8 адам сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлағаны үшін жалпы сомасы 700 мың теңгеден астам сыйақы алды. Сыйақы айыптау үкімі шығарылғаннан кейін төленеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 маусым 2020, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.