Атырау, 16 маусым 17:55
 дождьВ Атырау +32.9
$ 491.37
€ 570.48
₽ 6.78

Атырауда

Алимент төлеуден жалтарғанмен, жазадан құтыла алмады Басқа жаңалықтар

Алимент төлеуден жалтарғанмен, жазадан құтыла алмады

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша айыпталған Атырау тұрғыны Д.-ға қатысты үкім шығарды. 4 ақпан 2020, 20:25 3 034 рет қаралды
Жаңа газ өңдейтін зауыт салу бойынша қоғамдық тыңдау "тыныш" өтті Басқа жаңалықтар

Жаңа газ өңдейтін зауыт салу бойынша қоғамдық тыңдау "тыныш" өтті

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің Мақат ауданында (Атыраудан 60 шақырым) жаңа газ өңдеу зауыты құрылысының басталуы 2020 жылға жоспарланып отырғаны туралы хабарламасынан кейін көпшілікті неге қоғамдық тыңдау өткізілмеді деген сұрақ мазалады. Алайда бұл тыңдау Атырау облысы табиғат ресурстары басқармасының ұйымдастыруымен өткен жылдың 20 желтоқсанында Мақат кентінде өткізілген болып шықты. Әрі хабарландыру тек аудандық «Мақат тынысы» газетінде және ұйымдастырушының сайтында ғана жарияланған. Сондықтан көптеген қоғамдық, экологиялық белсенділер және БАҚ өкілдері хабарсыз қалып, тыңдауға қатыса алмаған, алайда бұл ұйымдастырушыларды қатты қынжылта қоймаған секілді. Енді тек хаттама мәліметтерімен ғана шектелуге тура келеді.   Сурет 4 ақпан 2020, 14:52 3 817 рет қаралды
Ақшаны тек жеке куәлік арқылы күндіз айырбастауға үлгеріңіз Басқа жаңалықтар

Ақшаны тек жеке куәлік арқылы күндіз айырбастауға үлгеріңіз

Биыл 1 ақпаннан бастап Қазақстанда айырбастау орындарында (кейбіреуін қоспағанда) бірыңғай жұмыс регламенті белгінленді: 9.00-ден 20.00-ге дейін. Енді шамалы ақшаны айырбастау үшін де жеке куәлік қажет. Бұл жаңадан енгізілген тәртіпке қатысты бірнеше сұрақтарға Ұлттық банктің Атырау филиалының валюталық операцияларды бақылау бөлімінің бастығы Арсен КӨБЕКОВ жауап берді. 4 ақпан 2020, 12:50 3 188 рет қаралды
«Үш алып» айналасындағы мұнай-сервистік толқулар Басқа жаңалықтар

«Үш алып» айналасындағы мұнай-сервистік толқулар

Қазақстанның  мұнай-газ саласының  «Үш алыбы» - ТШО, НКОК және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» (КПО) – тауар, жұмыс, қызмет (ТЖҚ) бойынша таяу жылдардағы сатып алулар тізімін жариялады. Бұл әрине, дұрыс. Алайда барлығымыз ірі тендерлерді негізінен  шетелдік компаниялардың ұтып алатынын білеміз. 2019 жылдың маусымында Атырауға келген сапарында президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 2018 жылы осы үш оператордың ТЖҚ сатып алу көлемі бойынша Қазақстандағы шетелдік компаниялардың барлық ТЖҚ сатып алу көлеміінң бар-жоғы 34%-ын құрағанын атап өтті. Үш «алыптың» үлестік салмағын ескерер болсақ, бұл аз. Тоқаев сол кезде-ақ үкіметке операторлармен жұмыс жүргізуді және тендерлерде сатып алу шегін 20 миллион доллардан төмен белгілеуді тапсырған еді. Ал бүгін өкілетті орган сатып алулардың 20 млн доллардан жоғары тендерлерді бекітеді, ал одан төмен болса, оны операторлардың өздері шешеді. 4 ақпан 2020, 12:42 3 776 рет қаралды
Атырауда сары нөмірді әзірге ешкім алған жоқ Басқа жаңалықтар

Атырауда сары нөмірді әзірге ешкім алған жоқ

Кезекті митингтен үш күн өткеннен кейін  «АЖ» тілшісі арнайы ХҚКО-ға барып, шетелдік нөмірлі автокөлік иелерінің ешқайсысы әлі өз көлігін тіркемегенін және сары нөмір алмағанын білді. Кедендік әкімшілендіру басқармасы бөлімінің бастығы Рүстем ЖАЙЛАШЕВТЫҢ айтуынша, осы уақыт ішінде оларға 80-ге жуық адам тек кеңес алу үшін ғана жолыққан. Сурет 4 ақпан 2020, 12:18 3 401 рет қаралды
Атырау облысында электр энергиясы қымбаттады Басқа жаңалықтар

Атырау облысында электр энергиясы қымбаттады

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 1 ақпанда күшіне енген «Атырау Энергосату» ЖШС электр энергиясының тариф мөлшерін жариялады (бағалар ҚҚС есебінсіз көрсетілген). 4 ақпан 2020, 10:51 3 607 рет қаралды
Зейнетақы туралы бірнеше сұрақ-жауап Басқа жаңалықтар

Зейнетақы туралы бірнеше сұрақ-жауап

«АЖ» қоржынында зейнетақы жөнінде жинақталып қалған бірнеше сұрақтарды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Атырау  филиалы директорының орынбасары  Қарлығаш ЖАНСАРИЕВАҒА  жолдадық. 3 ақпан 2020, 17:47 5 871 рет қаралды
Полиция көлікжайының құпиясы Басқа жаңалықтар

Полиция көлікжайының құпиясы

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне арнайы автокөлік сатып алу ісінің ауқымы таң қалдырады: 2015 жылы департамент 53 патрульдік «Нива» және 7 «Газель» көлігін алды, екі жылдан кейін полицейлеріміздің автопаркі Nissan Almera және Shevrоlet маркалы 37 жаңа көлікпен толықты, тағы екі жылдан кейін – 2019 жылы олардың қатарына 54 «Нива» және 24 «Skoda Octavia» автокөліктері қосылды. Сонымен қатар, жақында облыс әкімдігінде өткен кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі мониторинг бойынша соңғы жағдайда бағаны айтарлықтай көтергенін мәлімдеді. 3 ақпан 2020, 17:40 4 596 рет қаралды
Хабарландыру! Басқа жаңалықтар

Хабарландыру!

Сүйікті ұл, асыл жар, ардақты әке, қимас бауыр Кужеков Жасұлан Ғайнешұлының 7 күндік қадесі 8 ақпан күні өтетінін хабарлаймыз.  Өтетін орны: "Сұлтан Палас" мейрамханасы, Әбілхайыр хан даңғылы, 70.  Дұға мейрамханада оқылады.  Кужековтер әулеті 3 ақпан 2020, 11:39 4 104 рет қаралды
Есболда ауыл тұрғындарын ұрған полицейлердің соты басталды Басқа жаңалықтар

Есболда ауыл тұрғындарын ұрған полицейлердің соты басталды

Өткен жылдың маусым айында Индер ауданындағы Есбол ауылында полиция жүргізуші куәлігі жоқ жергілікті тұрғын мен оның досын ұстап, арнайы құралдар – сойыл, электршокер және көз жасаурататын газ пайдаланған. Кейін ұсталғандарды әкімдікте орналасқан учаскелік инспектордың бөлмесіне алып барғанда полицейлердің қатал әрекеттері мен заңсыздықтарына күйінген елуден аса есболдық арттарынан осы жерге келеді. Наразы жұртқа ақсақалдар мен ауыл әкімі басу айтқанымен, адамдар тек ұсталғандар босағаннан кейін ғана тарады. Міне, енді осы іс бойынша аудандық полиция бөлімінің екі офицерінің үстінен билігін асыра пайдаланғаны үшін (ҚР ҚК-ның 362-бабы) сот процесі басталды. 2 ақпан 2020, 23:23 6 350 рет қаралды
«Атыраудың базарындағы барлық ет үш күн тоңазытқышта сақталады» Басқа жаңалықтар

«Атыраудың базарындағы барлық ет үш күн тоңазытқышта сақталады»

Ауылшаруашылық министрлігінде кеңейтілген кеңес өтті, онда ұрғашы малды шетелге шығаруға уақытша тыйым салу туралы шешім қабылданды, - деп хабарлады брифингте Атырау облысы ветеринария басқармасының басшысы Азамат АЙТҚАЛИЕВ (суретте). Бұған мал басын сақтап қалуды көздеген малшылардың өтініші себеп болды. 2 ақпан 2020, 08:01 4 667 рет қаралды
Көлік иелерінің митингісі: «Біз ештеңе төлемейміз және бізге сары нөмірдің керегі жоқ!»   Басқа жаңалықтар

Көлік иелерінің митингісі: «Біз ештеңе төлемейміз және бізге сары нөмірдің керегі жоқ!»

Кеше, 31 қаңтарда Атырауда облыстық әкімдік алдындағы алаңға шетелдік нөмірлі автокөлік иелері тағы да жиналды. Олар шетелден алып келген көліктерін тегін тіркеуді талап етумен қатар уақытша нөмір алудан бас тартатындарын мәлімдеді. Сурет Бейнежазба 1 ақпан 2020, 12:47 6 666 рет қаралды
Жаңа туған нәрестені өлтіру туралы істі тергеу аяқталды Басқа жаңалықтар

Жаңа туған нәрестені өлтіру туралы істі тергеу аяқталды

Нұр-сұлтан қаласында өткен алқалы жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик ШПЕКБАЕВ  жаңа туған нәрестені өлтіру бойынша тергеу кезінде денсаулық сақтау мекемелерінде жүйелі кемшіліктердің анықталғанын мәлімдеді. 31 қаңтар 2020, 22:15 3 283 рет қаралды
 Атыраудан жүктілігі ауыр екі әйел ұшақпен елордаға жеткізілді Басқа жаңалықтар

Атыраудан жүктілігі ауыр екі әйел ұшақпен елордаға жеткізілді

29 қаңтарда санавиация Атыраудан Нұр-сұлтанға жүктілігі ауыр екі әйелді жеткізді. Енді олар Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында емделіп, жеңілденетін болады. Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан хабарлады. 31 қаңтар 2020, 21:48 3 358 рет қаралды
Атырауда 12 көппәтерлі үйдің құрылысы тоқтатылды Басқа жаңалықтар

Атырауда 12 көппәтерлі үйдің құрылысы тоқтатылды

Ревизиялық комиссия соңғы екі жылда Атырау қалалық құрылыс бөліміне бөлінген бюджет қаржысының қолданылуы бойынша аудит жүргізді. Аудит жалпы сомасы 50 млрд теңгеден аса бюджет қаржысын қамтыды, нәтижесінде 7,3 млрд теңге сома көлемінде заң бұзушылықтар анықталды. 31 қаңтар 2020, 16:16 6 367 рет қаралды
Атырауда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылады Басқа жаңалықтар

Атырауда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылады

Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы өңір әкімдігімен бірге іске асырып жатқан «Бизнеске арналған үкімет» жобасы «бір терезе» қағидасы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсетуге бағытталған. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла ИДРЕСОВ жергілікті кәсіпкерлермен есептік кездесу барысында айтты. 31 қаңтар 2020, 15:40 4 122 рет қаралды
Бопсалаушылар бақылауға алынды Басқа жаңалықтар

Бопсалаушылар бақылауға алынды

Өткен жылдың сәуір айында Авангардтағы бес қабатты үйдің ауласында ҰҚКД қызметкерлерінің үш ер адамды ұстап, шалшық суға бетімен жатқызған бейнежазбаны қалалықтар естерінен шығара қоймаған болар. Жақында №2 қалалық сотта оларға қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы («Бопсалау») бойынша үкім шығарды. 31 қаңтар 2020, 15:26 3 722 рет қаралды
Тергеу электрондық форматқа көшпек Басқа жаңалықтар

Тергеу электрондық форматқа көшпек

«Е-қылмыстық іс» жобасын жүзеге асыру аясында қылмыстық тергеу органдары сотқа дейінгі тергеуді электрондық форматқа көшіруге кірісті. 2019 жылы Атырау облысында полиция электрондық форматта 1,5 мыңнан аса қылмыстық құқық бұзушылықты (жалпы санның 24,4%) тергеді.  31 қаңтар 2020, 14:20 3 093 рет қаралды
​  Атыраудағы сәби өлімінен кейін статистикаға қатысты жүйелі мәселелер анықталды - Шпекбаев Басқа жаңалықтар

​ Атыраудағы сәби өлімінен кейін статистикаға қатысты жүйелі мәселелер анықталды - Шпекбаев

Атыраудағы сәби өліміне мониторинг жасау кезінде бірқатар жүйелік кемшіліктер анықталды, деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев алқалы жиында, деп хабарлайды zakon.kz. 31 қаңтар 2020, 11:14 3 707 рет қаралды
Атыраудағы жағалаудың құрылысы тоқтатылды. Көпірдің де қатысы бар Басқа жаңалықтар

Атыраудағы жағалаудың құрылысы тоқтатылды. Көпірдің де қатысы бар

Атыраудағы Жайық өзені жағалауының құрылысы экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алғанға дейін тоқтатылды –осындай шешімді ауданаралық экономикалық сот қабылдады. Бұған дейін Атырау облысы бойынша экология департаменті мердігер «КА Строй ЛТД» ЖШС үстінен талап арыз берген. Сурет 31 қаңтар 2020, 09:43 5 141 рет қаралды
Апат болған аялдама мен қитұрқы сандар Басқа жаңалықтар

Апат болған аялдама мен қитұрқы сандар

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жақында ассенизатор көлігі кіріп кеткен «Мерей» базары маңындағы аялдаманы қалпына келтіру 18 млн теңге тұрады екен. Қомақты қаржы, әрине. Оқырмандарымыздың көбі қала орталығынан пәтер сатып алуға болатын осынша ақша төлейтіндей қандай зақым тиді деп таң қалды. Бұл миллиондарды «АЖ» тілшісі зерттеп көрді. 30 қаңтар 2020, 22:14 3 152 рет қаралды
Атырау қаласының әкімдігі армян нөмірлі көлік жүргізушілеріне хат жазуға көмектесті Басқа жаңалықтар

Атырау қаласының әкімдігі армян нөмірлі көлік жүргізушілеріне хат жазуға көмектесті

Шетелдік нөмірлі көлік жүргізушілері Атырау қаласының әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВПЕН  облыстық филормонияда кездескеннен кейін келесі күні наразылық көшбасшыларын қала әкімінің орынбасары Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ қабылдады. 30 қаңтар 2020, 17:54 5 082 рет қаралды