Атырау, 24 сәуір 10:35
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

NCOC қызметкерінен коронавирус анықталды

3 268 просмотра

«АЖ» бейресми дереккөзден Вест Ойл базасындағы NCOC қызметкерлерінің бірінен коронавирус анықталғанын білді. Біздің сауалымызға берген жауабында компания бұл ақпаратты растады.

«Біз Атыраудағы NCOC аутсорсинг нысандарының бірінде жұмыс істейтін компания қызметкерінен COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсеткенін растаймыз», - деп хабарлады NCOC. - Бұл нысан өндірістік алаңдар мен компания кеңселерінен қашықта орналасқан. Ауру белгілері байқалмайды, сондықтан бекітілген хаттамаға сәйкес жұмысшы үйге оқшауланды. Жақын байланыста болған адамдардың барлығы дереу анықталып, оқшауланды, олардың барлығы ПТР сынамасынан өтеді. Бұл қызметкер өндірістік немесе кеңсе қызметкерлерімен байланыста болмаған. Біз жағдайды мұқият қадағалап отырмыз».

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

15 маусым 2020, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.