Атырауда №30 балабақша тәрбиешісінің көмекшісінен коронавирус инфекциясы анықталды.
Әйелде ауру белгілері байқалмайтын түрі екен, ол жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Балабақшаның бүкіл қызметкері мен байланыста болған балалар тексерілді, сынама нәтижелері теріс шықты. Дегенмен, байланыста болған адамдар ретінде олар үйде оқшаулануда. Қазір балабақша жұмыс істемейді, ол жерде дезинфекция жұмыстары жасалып жатыр.
№ 30 балабақша 400 орынға есептелген, уақытша жабылғанға дейін оған 432 бала барған.
Зульфия ИСКАЛИЕВА