Атырау ТКШ бөлімі 50 трансформатор сатып алды. Осылайша билік сплит жүйелерін жаппай қолдану салдарынан электр энергиясының жыл сайынғы жазғы іркілісіне қатысты мәселені шешпекші.
Бөлім басшысы Эдуард ОСПАНОВТЫҢ айтуынша, олар шілде айында орнатылады.
Мемлекеттік сатып алу сайтындағы мәліметтерге сәйкес, сәуірде тендер жарияланып, мамыр айында «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-мен 50 трансформаторды жеткізуге келісім жасалды. Бір трансформатордың құны - 3 412 452 теңге, барлығы - 170 622 600 тг. Техникалық сипаттамасына сәйкес, бұл құрылғы - кернеудің түрленуін төмендететін мүмкіндігі бар, қуаттылығы 630 кВА, үш фазалы май трансформаторы. Барлық талаптар сақталса, оны кем дегенде 25 жыл пайдалануға болады.
«АЖ» сайтына осы материал жарияланып, трансформатордың құнына қатысты жағымсыз пікірлер айтылғаннан кейін «Кентау трансформатор зауыты» АҚ өкілдері редакцияға хабарласты. Олар 3 412 452 теңге - бір трансформатордың ғана емес, сыртқы қондырғыға арналған жиынтықты трансформаторлық қосалқы станцияның құны екенін түсіндіруді өтінді. Яғни, 3 412 452 теңге - бұл тұтас қосалқы станцияның құны.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА