Атырау, 27 сәуір 01:12
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Зират басына баруға болады

4 473 просмотра

Атыраулық православиялықтарда Пасхадан кейін атап өтілетін Радоница деген  бақилық болған жақындарының жерленген жеріне барып, еске алатын күн бар. Биыл сол күн 28 сәуірге келіп, белгілі себептерге байланысты атап өтілмей қалды. Оларды еске алатын тағы бір маңызды Родительская суббота деген бар, 6 маусымға келіп тұрған. Жергілікті православ тұрғындар осы күні зиратқа бара аламыз ба деп алаңдап отыр.

- Ол кезде карантин болды. Қазір оны алып тастап, халық лек-легімен жабық тұрған сауда, ойын-сауық орталықтары, базарда шұбырып жүр. Кешқұрым мыңдаған адам алаңдарда серуендейді. Зираттың да жан-жағы ашық. Бірақ зират басына баруға болмайды, сол күні оны жауып, полиция тұрады деген қауесет бар, - деп алаңдаушылық білдірді православиялық қала тұрғындары.

Ал Успен шіркеуінің дін қызметшісі Михаил әкейдің айтуынша, қазір зиратқа баруға тыйым салынғаны туралы еш жерде ақпарат болған жоқ. Оның үстіне, зират үлкен аумақты алып жатыр, адамдар бір жерге жиналмай, әркім өз туысқанының моласына барады.

- Қазір шіркеудің өзінде жеке адамдардан  басқа көпшілік жиналатын діни шаралар өтпейді. Діндарлар дұға етіп, шам қойып,  қайтқан кісілерді еске алуға топтаспай, бір-бірлеп келуге рұқсат етілген. 6 маусымда біз де үлкен шара өткізбейміз. Литургияны діни қызметкерлердің өзі өткізеді, - деп атап өтті Михаил әкей.

Қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Ерлан БИҒАМБАЕВТЫҢ айтуынша, алдағы сенбі күні православиялық зират аумағын патрульдеу қажеттігі туралы ресми хат алмаған.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла КӨШҚАЛИЕВ зират жеке меншік нысаны немесе діни бірлестіктердің субъектісі  емес. Сондықтан қала тұрғындары барлық санитариялық нормаларды сақтап, зират басына бара алады. Олар маска киіп, антисептик пайдаланған жөн. Топта 3 адамнан артық болмау керек. Жұма намазы, сенбі және жексенбі күні өтетін ұжымдық діни шараларды өткізуге әлі рұқсат берілген жоқ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 маусым 2020, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.