Атырау, 28 наурыз 15:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қарттар үйіндегі қылмыс

4 094 просмотра

«АЖ»-ға белгілі болғандай, Атыраудағы қарттар үйінің 73 жастағы тұрғыны өзімен бірге бір бөлмеде тұратын 63 жастағы көршісін өлтірген.  Жақында оны соттап, 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Тергеу мәліметтері бойынша, олар бірігіп спирттік ішімдік ішіп отырғанда керіс басталып кеткен. Пышақ қолданғаннан кейін ауыр жарақат алған жәбірленуші облыстық ауруханаға жеткізіліп, сол жерде жантәсілім етті. Дәрігерлер шарасыз болды.

ҚР ҚК 106 бабының 3 бөлігімен (Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны кінәлі деп тауып, 5 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын ерлер түзету колониясында өтейді (УГ-157/9).

Бұл жарияланымды дайындау барысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары «АЖ» тілшісіне хабарласқан еді. Оның айтуынша қарттар үйінде белгіленген тәртіп бар. Сондықтан онда спирттік ішімдік ішуге тыйым салынған. Ал кісі өлтірген адам ішімдікті Жайықтың жағасында демалып келіп, ішке жасырын әкелген болуы керек.

Фархат ӘБІЛОВ

5 маусым 2020, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.