Атырау, 16 сәуір 08:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Атырау әкімдігі 427 миллионның әр теңгесін тексеруге уәде етті

3 156 просмотра
Көрнекі сурет
Қалалық ТКШ бөлімі Атырау көшелеріне санитариялық тазалау жұмыстарын атқаруға  тендер өтетінін хабарлады. Жоба құны – 427 миллион теңге. Құжатта көрсетілгендей, қызметті орындаушы бүкіл қала аумағын, яғни 4 мың гектардан астам жерді тазалауы керек.

Тендердің жеңімпазы жол, тротуар мен көгалды қосқыс пен балшықтан тазартып, орындық, вазон, қоқыс жәшіктері мен қоқыс жинайтын орындарды жуып-тазалап, бояп, төгуге рұқсат етілмеген жердегі қоқыс үйінділерін жою қажет.

Санитариялық тазалау бойынша атқарылған жұмыстың барлығын қала әкімдігі қызметкерлері күн сайын сағат 18:30-ға дейін тексеріп отырады. Қызметке төленетін ақша ай сайын сапасына, жұмылдырылған жұмысшылар мен техника санына байланысты төленеді. Қорыта келе, «қызметтің бұл түрі қадағалау органдары мен тапсырыс берушінің бақылауында болатынын хабарлаймыз»

Дайындаған Мирас МУСТАФАЕВ

6 маусым 2020, 01:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.