Атырау, 11 қаңтар 05:04
 ашықВ Атырау -3
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

ҰҚК Атырауда қылмыстық топтың жолын кесті

3 641 просмотра

2020 жылғы 3 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізілген арнайы операция нәтижесінде спорттық орта мен ықтимал деструктивті діни ағымдардың өкілдерінен тұратын адамдар тобының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Қылмыстық топқа қатысушылардың өңір кәсіпкерлерінен ақшалай қаражатты қорқытып алуға, қарыздарды өндіруге және дене жарақаттарын келтіруге қатысы бар.

Топтың 5 белсенді мүшесі ұсталды, олардың кейбіреуі ұрылар идеологиясын ұстанып, трансұлттық қоғамдастықтардың көмекшілерімен байланыс ұстаған екен.

Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында үш бірлік әртүрлі қару түрлері мен оларға оқ-дәрілер табылып, алынды.

Ұсталған үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, бұлтартпау шарасын таңдау жөнінде мәселе шешілуде. Екеуінен қорғауға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды. 

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

5 маусым 2020, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.