Атырау, 18 сәуір 17:03
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Атыраудағы тергеу абақтысында әжетханаға ағызатын су болмаса да, ұялы телефон бар

8 793 просмотра

Атырауда тергеу изоляторында жақында орын алған тәртіпсіздіктер тергелушілердің жағдайы мәз еместігін тағы көрсетті. Атыраулық танымал адвокат Руслан ЖАҚЫПОВ осылай деп есептейді.

- Иә, қазір ол жерде менің қорғалушыларым отыр. Олардың туыстары мен жақындары тұтқындарға қатысты азаптаулар болды деп отыр. Мен мұны растамаймын да, жоққа шығара да алмаймын. Бейнежазба таралып кеткен, оны зерттеп, тексеру керек. Бұл прокурордың жұмысы. Айтпақшы, Атырау облысы прокурорының орынбасары Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ сол күні «ешқандай күш көрсету болған жоқ» деп хабарлап, «прокуратура тексеру жүргізіп, оның қорытындысы жақын күндері жарияланады» деді. Тексеру жүргізіліп жатқан сияқты, бірақ прокурор «ешқандай күш көрсету болған жоқ» деп хабарлайды. Бұл мәлімдеме тексеру қорытындысына әсер етпейді деп үміттенеміз, - дейді Руслан Жақыпов.

- Сіз көп жылдан бері адвокат болып жұмыс істейсіз, тергеу изоляторына жиі барасыз. Ол жақтағы жағдай қандай?

- Әрине, жақсы емес. Бостандыққа шыққандар қорқынышты түс секілді ұмытқысы келеді. Біздің пенитенциарлық жүйе – кеңестік тоталитарлық жүйенің қалдығы, оған бүкіл реформа ең соңынан жетеді. ҚАЖ жүйесі мен басқа құқыққорғау органдарын, соттарды салыстыра отырып, реформалардың бұл жүйені айналып өткеніне көзім жетті. Олар сырт қалған.

Қамауға алынғандар тамаққа қатысты шағымданады. Тергеу абақтысында 5-6 айдан көп отырғандардың кейін тісі түсіп қалатынын білемін. Мен медик емеспін, бірақ ауыз су мен тамақтың нашарлығынан адамның тіссіз қалатынын бәріміз де білеміз. Тергеу изоляторының сыртқы көрінісі де ішкі жағының қандай екенін көрсетіп тұр. Тіпті, бізге кіруге рұқсат етілетін жерлердің де жағдайы мәз емес.

Жақыповтың пікірінше, тергеу абақтысында білікті медициналық көмек көрсетілмейді:

- Тергеу абақтысында мүлдем ауыруға болмайды, ол жерде емдейтін ешкім жоқ. Өткен жылы менің қорғалушым жеке емханада қарауылмен тісін жұлдырды. Өйткені шақырылған дәрігер қауіпсіз орынжай болмағандықтан тергеу абақтысында тіс жұлудан бас тартты. Айта кету керек, күзетіп жүретін қарауылды бір аптадай күтуге тура келді.

Бір орынжайда 5, 6 немесе 8 адам тұрады, сол жерде тамақ ішіп, сол жерде дәретханаға барады. Тұтқындар сумен қамту жүйесіндегі іркілістер тұрмысты қатты қиындататынына, қарапайым су ағызудың өзі мүмкін болмай қалатынына шағымданады. Дәретханаға қатысты жағдайды қорлық деп санаймын. Өйткені адам басқаларының көзінше түзге отыруға мәжбүр болады. Ал оларға сол жағымсыз иіспен демалуға тура келеді.

ТЕЛЕФОН, БОЯУ ЖӘНЕ Т.Б.

3 маусымда брифингте Нұрсұлтаннан Атырауға арнайы келген ҚАЖК генерал-майоры Мейрам АЮБАЕВ тәртіпсіздіктер барысында сотталушылар еденнен қырып алынған бояуды қан етіп көрсеткенін мәлімдеді. Ал «АЖ» дереккөздері хабарлағандай, камералардың едендері бояумен сырланбаған. Сонда тергелушілер қызыл бояуды қайдан алған? Мұны тексерушілер анықтайды.

Тағы бір жайт: тәртіпсіздік барысында бірнеше тұтқын әлеуметтік желіге бейнеүндеу жолдады. Олар тыйым салынған бұйымды қайдан алған? Айта кету керек, жақында «АЖ» тұтқындардың біріне қуаттағыш құрылғысы бар екі ұялы телефон апара жатқан қарауылдың ұсталғанын хабарлаған еді.

Фархат ӘБІЛОВ

5 маусым 2020, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.