2024 жылы Қазақстанда 250, оның 227-сі тірі донордан, ал 23-і қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаны трансплантаттау жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Бұл көптеген пациенттердің өмір сүруіне мүмкіндік беретін еліміздің денсаулық сақтау саласындағы маңызды жетістік.
2012 жылдан бастап статистика:
Трансплантаттау бағдарламасы басталғаннан бері 2012 жылдан бастап Қазақстанда донорлық ағзаларды трансплантаттау бойынша 2800 операция жүргізілді. Олардың ішінде:
- 2353 операция (84%) — тірі донордан
- 447 операция (16%) — қайтыс болғаннан кейінгі донордан
Қандай ағзалар трансплантатталды?
• Бүйрек — 2078 трансплантаттау
• Бауыр - 541 трансплантаттау
• Жүрек - 98 трансплантаттау
• Өкпе - 22 трансплантаттау
• Ұйқы безі-2 трансплантаттау
• Мөлдірқабық - 59 трансплантаттау
Трансплантаттауды күту:
Қазіргі уақытта Қазақстанда трансплантаттауды күту парағында 4113 адам (95 бала) бар, оның 3672-сі бүйректі трансплантаттауды қажет етеді, 184 адам донорлық бауырды және 138 адам жүректі күтуде.
Ағзаларды трансплантаттау тек медициналық ем-шара ғана емес, бұл көптеген адамдар үшін жаңа өмірге мүмкіндік. Ағзаны трансплантаттаудың әрбір жағдайы жоғары дәрежелі медициналық жұмыс қана емес, сонымен қатар мейірімділік пен өзара көмек болып табылады.
Дәрігерлердің күш-жігері мен донорлардың дайындығының арқасында біз өмірді сақтап, болашаққа үміт береміз.
Егер Сіз донор болғыңыз келсе және мұқтаж адамдарға көмектескіңіз келсе — сіздің көмегіңіз біреудің өміріндегі шешуші қадам болуы мүмкін. Толық ақпарат пен консультацияларды тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемелерден алуға болады.