
Шымкент әуежайында Түркияға заңсыз жолмен шамамен 2,8 келі алтын алып шығу әрекетінің жолы кесілді. Тәркіленген бағалы металдың жалпы құны 227,8 миллион теңгеден асады.
Ведомствоның мәліметінше, алтынды шетелге Өзбекстан азаматтары алып шықпақ болған. Кедендік бақылаудан байқатпай өту үшін олар айлакер тәсіл қолданған: алтын бөлшектерін чемодандардың ішкі астарына және жүк орамаларына тікелей жаққан.
Көлік прокурорларының өтінішхаты бойынша құны 227,8 миллион теңге болатын тәркіленген алтын сот үкімі шыққанға дейін-ақ мемлекет кірісіне өткізілді.
Ал күдіктілердің өздері ізін суытып үлгерген. Қазіргі уақытта олар халықаралық іздеуге жарияланды. Контрабанда фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
В Атырау +2.8