Атырау, 30 қазан 11:28
 дождьВ Атырау +2.8
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63

Қазақстанда білім кредиттері колледж студенттеріне де қолжетімді болды

63 рет қаралды
СhatGPT көмегімен жасалған сурет
СhatGPT көмегімен жасалған сурет

Қазақстанда оқу ақысын төлеуге арналған білім беру кредиттері тек жоғары оқу орындарының студенттеріне ғана емес, колледждер мен училищелерде білім алушыларға да қолжетімді. Бұл туралы «Қаржы орталығы» АҚ-қа сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» хабарлады.

Ведомствоның түсіндіруінше, «Қаржы орталығы» студенттерге тікелей ақша бермейді. Ол білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы ретінде жұмыс істеп, екінші деңгейлі банктерде рәсімделетін кредиттерге мемлекеттік кепілдік береді.

Білім беру кредитін кімдер ала алады?

  • Колледж білім алушылары (техникалық және кәсіптік білім);

  • Жоғары колледждер мен училищелердің студенттері (орта білімнен кейінгі білім);

  • Жоғары оқу орындарының студенттері (бакалавриат және интернатура);

  • Магистранттар, резиденттер және докторанттар (жоғары оқу орнынан кейінгі білім).

Банктердің талаптары мен шарттары:

  • Жасы: 18 жасқа толмаған талапкерлер де кредит рәсімдей алады. Алайда ол үшін ата-анасының немесе заңды өкілдерінің жазбаша келісімі міндетті түрде қажет.

  • Табысының болмауы: Тұрақты табысы жоқ студенттерге кредит беру мүмкіндігін әр банк жеке қарастырады.

  • Төлем қабілетін тексеру: Өтінімді қарау кезінде банктер кредиттік тарихты, қолданыстағы берешектердің бар-жоғын және табыс туралы анықтамаларды тексереді.

  • Қоса қарыз алушылар: Қажет болған жағдайда банк қоса қарыз алушыны (мысалы, ата-анасын) тартуды талап етуі мүмкін. Ол студентпен бірге кредитті өтеуге жауапты болады.

Бүгін, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.