
30 қазанда Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, көктайғақ, үсік және қою тұман болатынын болжайды.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде. Ал ШҚО-ның солтүстік бөлігінде және таулы аудандарында қалың қар жауып, көктайғақ пен тұман болады. Жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да қар жауып, көктайғақ болады деп болжануда. Бұл өңірлерде желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшейіп, тұман түсуі мүмкін.
Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Жетісу өңірінде түнде және таңертең 1–9 градусқа дейін үсік жүреді деп күтілуде. Сондай-ақ таулы аудандарда тұман түсіп, жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Алматы мен Шымкентте өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады. Іле Алатауының таулы аймақтарында мезгіл-мезгіл тұман түсіп, қатты жел соғады.
Түнде және таңертең Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстары мен Ұлытау өңірін қою тұман басады. Қызылорда облысында түнде ауа температурасы 3 градус аязға дейін төмендейді.
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады. Маңғыстау облысында күндіз жел күшейіп, екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
В Атырау +2.8